1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15939) 21 тамыз, бейсенбі 2014
21 тамыз 2014
“Сталин биiгiне” ту тiктi

Сейсенбiден сәрсенбiге қараған түнi белгiсiз бiреулер Мәскеудегi “Сталин биiгi” деп аталатын үйдiң төбесiндегi сары түстi бесжұлдызды Украина туының түсiмен сәйкестендiрiп көк түспен бояп, бесжұлдыздың ұшына Украина туын iлген.

“Сталин биiгiне” жақын маңдағы үйлердiң бiрiнiң тұрғыны мұны таспаға түсiрiп алыпты. Оның айтуынша, экстремал биiк үйдiң төбесiндегi жұлдызды түнiмен бояп, төбесiне Украина туын iлген. Таң қылаң бергенде парашютпен секiрiп, жерге түскен.
Осы оқиғаға байланысты, полиция төрт адамды ұстапты. Кейбiр деректерге қарағанда, бұған Григорий деген киевтiк блоггердiң қатысы болуы мүмкiн.
Қазiр бұл жағдай қызу талқыланып жатыр. Кейбiреулер үшiн бұл Қызыл алаңға жау ұшағын қондырғандай әсер еткенi анық.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар