1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15922) 19 маусым, бейсенбі 2014
19 маусым 2014
“Жылу” жинағыштарға ескерту жасады

Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Қостанай облысының тұрғындары Украинаның қарулы күштерiнен “зәбiр көрген” Донбасс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек жасамақ болып қаржы жинағаны да белгiлi. Осы ретте ҚР Мәжiлiс депутаты Мәулен Әшiмбаев Украинадағы сепаратистерге көмектесуге шақырып, жылу жинап жатқандар мiндеттi түрде жауапкершiлiкке тартылуы тиiс екенiн қадап айтты.

– Бiз Украинаның Тәуелсiздiгiн, терри­ториялық тұтастығын мойындаймыз. Егер Украинаның Тәуелсiздiгi мен территориялық тұтастығына қайшы әрi нұқсан келтiретiн қандай да бiр iске жылу жиналып, жәрдем ету iсi жасалып жатса, ол – заңсыз. Жауапты мемлекеттiк мекемелер мұндай оқиғаларға заң жүзiнде шара қолдануы керек. Өйткенi Қазақстан өзiмен тарихи және экономикалық байланысы тығыз Украинаның Тәуелсiздiгi мен бостандығын құрметтейдi”, – дедi ол.
Мәулен Әшiмбаевтың бұл пiкiрi жақсы мен жаманның, дос пен қастың парқын ажырата бiлмейтiн, құл-құтандық әдетке әбден бауыр басып алған дымбiлместерге кәдiмгi­дей сабақ әрi бетқақпай болды ғой, бiлемiз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар