1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15918) 5 маусым, бейсенбі 2014
5 маусым 2014
Мәселе –диалектiде емес, ниетте!

Қылмыстық кодекстiң жаңа жобасын жасаушылар осы жобаның қазақ тiлiндегi аудармасы жөнiнде журналистермен пiкiр алмасты. Пiкiр алмасу барысында ҚР Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоган Меркель журналистерге былай дедi: “...Бiзге, жобаны жасаушыларға оның оңтүстiкте де, солтүстiкте де, шығыста да, батыста да баршаға түсiнiктi болғаны маңызды. Өйткенi кейбiр мәселелер бар: оңтүстiкте басқаша, солтүстiкте басқаша айтылады. Солтүс­тiк­те бiз “қайырлы болсын” деп құттықтасақ, оңтүстiк халқы, керiсiнше, мұны садақа кезiнде айтады. Сондықтан терминдер Қазақстанның барлық аймағына бiрдей түсiнiктi болуы қажет”.

Осы Иоган Меркель айтатын сөз бе? Диа­лектiнiң бұл жерге қандай қатысы бар? Құдай-ау, оңтүстiгi– солтүстiгiн, солтүстiгi –батысын, батысы –шығысын түсiнбейтiн диалектiде сөйлейтiн елдер де (Қытай, Жапония және т.б.) заң жобасын жасап жүр ғой. Бұл ретте қазақ тiлiнiң диалектiсiн сөз етудiң және оны көпсiту­дiң (көпсiту арқылы кемсiтудiң!) ешқандай жөнi жоқ.
Қылмыстық кодекстiң жаңа жобасы ең алдымен мемлекеттiк тiлде жасалсын! Сонан кейiн орысшаға аударылсын! Қазақ тiлiне деген ниетi –күйкi, пейiлi – шикi адамдардың аузына сонда ғана құм құйылады.
Ал бiзде қалай? Заң жобасы әуелi орыс тiлiнде жасалады. Сонан кейiн ғана барып қазақшаға аударылады. Және бiр заң жобасын бiр­неше аудармашы аударғаннан кейiн терминдер­дiң бiркелкi шықпайтыны, бiрiздi болмайтыны да өз-өзiнен белгiлi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар