1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (15917) 3 маусым, сейсенбі 2014
3 маусым 2014
Еуразиялық экономикалық одақтың тiлi орыс тiлi болды

Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мырза “Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысшы тiлi орыс тiлi болады” деп мәлiмдедi. (Кезiнде “қазақ тiлi дипломатия тiлi бола алмайды!” дейтiн министр ғой бұл Е. Ыдырысов).

Ғайыптан тайып Беларусь пен Ресей басшылығы “Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысшы тiлi қазақ тiлi болсын! Қазақ тiлiнiң беделi артып, өрiсi кеңейе беруi үшiн бiз осындай шешiм қабылдап отырмыз!” десе (әрине, олар бұлай деп екi дүниеде де айтпайды ғой!), қазақ тiлi Еуразиялық экономикалық одақтың тiлi болар ма едi? Болмас едi. Неге? Беларусь пен Ресейдiң екеуi бiрдей осылай деп шешiп отырса...
Өйткенi Қазақстанның билiк басындағы аса жауапты әрi өте лауазымды қызметте отырғандардың 99 пайызы (!) қазақ тiлiн мүлде бiлмейдi ғой. Осылардың өздерi-ақ қазақ тiлiне қарсы болып өре түрегеледi емес пе!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар