1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15916) 29 мамыр, бейсенбі 2014
29 мамыр 2014
“Сирияда жиһадқа қатысқан” қазақ жетi жарым жылға сотталды

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Сириядағы террористiк топтың қызметiне араласып, қарулы жаһадқа қатысқан Камил Абдулиндi жетi жарым жылға соттады.

Тергеу деректерiне сәйкес, К.Абдулин 2013 жылы мамыр айының соңында қарулы жиһад жасау мақсатында Сирияға кеткен. Сирияда ол көп ұлттан құралған “Көне Түркiстан” террористiк тобының құрамына кiрiп, оның базасында әскери дайындықтан өткен. Осы ортада қалыптасқан ережеге сай Абдулин “Абузар” деген дiни лақап атқа ие болған.
К.Абдулиннiң әйелi Әзиза Әзмәмбетова болса былай деп шырылдайды: “Менiң күйеуiм өзiнiң қателiгiн мойындады. Егер ол экстремист, не болмаса террорист болса, сол Сирияда қала беретiн едi ғой. Ол өзiнiң алданғанын жете түсiндi, “жиһад” дегендерiнiң де саяси бүр­кенiш екенiн өз көзiмен көрiп, соның бәрiнен безiп, Алматыға қайтып келдi. Жетi жарым жыл­ға соттау... Бұл тым көп әрi әдiлетсiз...”
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар