1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15915) 27 мамыр, сейсенбі 2014
27 мамыр 2014
Мақтымқұлыдан ұят болды-ау...

Түрiкмен аға­йындар ендi бiраз күннен кейiн түрiк­меннiң ұлы жырауы Мақтымқұлының 290 жылдық мерейтойын тойлайды. Осы күнге орай Түрiк­менстанның халық жазушысы, ақын Гөзәл Шағулыеваның поэмасы жарық көрдi. Поэманың алғашқы бетiне ақын былай деп жазыпты: “Ұлы Баба! (Мақтымқұлын айтып отыр– ред.) Сiз армандаған, Сiз аңсаған Арқадағтың шапағатын бiз көрiп жатырмыз!”

“Арқадағ” деген кiм? Сапармұрат Ниязовты түрiкмендер кезiнде “Түрiкменбашы” десе, қазiргi ел президентi Гурбангул Бердымұхамедовты “Арқадағ” (“Асқартау”) дейдi. “Ферғана” ақпараттық агенттiгiнiң айтуынша, Г.Шағылуеваның поэмасы бастан-аяқ Арқадағты, яки ел президентiн көпiртiп мақтауға, көпiртiп көкке көтеруге құрылған. Тiптi поэмада мынадай аса ерсi жолдар да бар: “Қазiргi күнi жылағың келсе де жылай алмайсың, өйткенi айналаң тегiс қуаныш пен шаттыққа бөленiп, бақытқа бөгiп, байлық пен ризыққа кенелiп жатса, сен қайтiп жыламақсың?!”.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар