1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15913) 20 мамыр, сейсенбі 2014
20 мамыр 2014
“Женевада менiң итiм адасқан жоқ”

14 мамыр күнi “Ақ Жайық” газетiнде “Женевада Атырау облысының бұрынғы әкiмi Б.Рыс­қалиевтiң күйеубаласы тұтқындалды” деген материал басылған-ды. Осы материал басылғаннан кейiн “Ақ Жайық” газетiнiң редакциясына Б.Рысқалиевтiң күйеубаласы Рүстем Әлбақасов хабарласып, өзiнiң тұтқындалмағанын мәлiм­дейдi. Редакцияға өзiнiң фото­суретiн және “Ақ Жайықтағы” материалды жоққа шығарған мәлiмдемесiн жолдайды. “Ақ Жайық” бұл мәлiмдеменi толық жариялады. Ендi Р.Әлбақасовтың жауабына бiз де құлақ түрiп көрелiк: “Менi ешкiм де тұтқындаған жоқ. Женевада менiң итiм адасқан жоқ және бұл қаланы мен мүлде бiлмеймiн де. Құдайға шүкiр, әзiрге аман-есенмiн, қол-аяғым бүтiн. “Женевада Атырау облысының бұрынғы әкiмi Б.Рысқалиевтiң күйеубаласы тұтқындалды” деген материалдың түпкi мақсаты мынау: ағайынды Рысқалиевтердi қаралай түсу және елдiң жадынан шығып кетпес үшiн осы тақырыпты сәл-пәл болса да жаңғыртып қою. Әйтпесе бұл iстiң қолдан жасалғаны және оның саяси астарының да қалың екенi екiнiң бiрiне мәлiм...”.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар