1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15913) 20 мамыр, сейсенбі 2014
20 мамыр 2014
Өз халқын аяусыз тонаған президент те жер басып жүр

Швейцарияның Берндегi прокуратурасы Украинаның бұ­рынғы прези­дентi Виктор Яну­ковичтiң Швейцария банктерiнде жатқан 197 миллион долларын тұтқындады. Осыны ести сала Украинаның бас прокуроры Олег Махницкий мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының директоры Дарья Каленюк Швейцарияға ұшып келдi.

Украинаның құ­қық қорғау органдары В.Янукович ұрлаған қаржы 35 миллиард гривенге жуық деп отыр. Ең қиыны – осы қаржының ұрлан­ғанын дәлелдеу екен. “Мәселен, – дейдi Д.Каленюк, – В.Януковичтiң Швейцариядан сатып алған үйi Австрияның “Танталит” дейтiн компаниясының атына тiркелген. Ал бұл компания Лихтенштейнде тiркелген бiр трестке қарайды. Бұл трест... Осылай кете бередi, кете бередi. Тiзбектегi кейбiр компаниялар ешбiр елде, ешқандай жерде тiркелмеген. Сондықтан да ұрлан­ған ақшаның ұрланғандығын дәлелдеу үшiн көп күш-жiгер керек”.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар