1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
8 қазан 2009
Кушнер демократиялық партиялардың төрағаларымен кездестi

Францияның сыртқы iстер министрi Бернар Кушнер «Азат» демократиялық партиясының төрағасы Болат Әбiлевпен және ЖСДП-ның төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездестi. Әңгiме барысында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жайы басты назарда болды. Әбiлев мырзаның пiкiрiнше, ресми Ақорда ұйымның бiрде-бiр талабын орындамай келедi. Оның үстiне, 2007 жылы Конституцияға енгiзiлген өзгерiстер бүгiнгi талапқа сай емес. Әсiресе, Қазақстандағы саяси жүйенi өзгерту керек. «Сондықтан да ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Қазақстандағы демократия үрдiсiн ескергенi мақұл», – дедi «Азат» партиясының төрағасы. Сондай-ақ, кездесуде iшкi саясат мәселесi де сөз етiлдi. «Электрондық БАҚ-ты қысымға алып, «Нұр Отан» өзiнiң монополиясын жүргiзсе де, бiздiң идеямыз бен ұсыныстарымызды миллиондаған қазақстандық құптауда», – дедi Болат Әбiлев. Ал Кушнер мырза: «Президент Назарбаев «Қазақстанның заңнамаларын ырықтандыруда парламенттiң құрамы кем дегенде екi партиядан тұратынын, мұның заңмен бекiтiлетiнiн айтты. Олай болса, сiздер жетi пайыз дауыс жинай аласыздар ма?» – деп сұрақ қойды. Төрағалардың ойы бiр жерден шықты. «Егер әдiл бәсекелестiк болса, телеарналарда ашық пiкiрсайыс өтсе, сайлау комиссияларында тепе-теңдiк орнаса, сайлауда «Нұр Отанмен» тең емес, асып та түсемiз. 2004-07 жылдардағы парламент сайлауының нақтылы көрсеткiшi осы сөзiмiзге дәлел», – дедi олар.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар