1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
3 сәуір 2014
“Ассанди-Таймс” газетi жабылды

Сәуiрдiң 2-сi күнi “Ассанди-Таймс” га­зетiнiң жабылғаны туралы мәлiм болды. Алматы қалалық сот актiлерiн орындау департа­ментi өкiл­дерi газеттiң жұмысы тоқтатылатыны туралы хабарлады.

Газет қызметкерлерiнiң айтуынша, Медеу аудандық сотында сәуiрдiң 1-i күнi осы аудан прокурорының шағымы негiзiнде газетке қатыс­ты сот өткен, “Ассанди-Таймс” газетiн жабу туралы үкiм шыққан. Әйтсе де, бұл жағдай туралы журналистерге хабарланбаған. Кеше редакцияға баса-көктеп кiрген сот орындаушылары олардың кеңседен шығуын талап етiп, есiкке мөр басатындарын айтқан. Сот өкiлдерi журналистерге газеттерiнiң 2012 жылдың аяғында сот шешiмiмен “экстремистiк бiртұтас БАҚ” ретiнде танылып, жабылған 28 БАҚ-тың қатарына жатқызылғанын хабарлаған. Газет қызметкерлерi мәселенiң мән-жайын анықтауды заңгерге тапсырып, алдағы уақытта нақты шешiм қабылдауды ойластыруда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар