1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
8 қазан 2009
“Азат” партиясы Е.Жовтистi босатуды талап еттi

“Азат” партиясы төрағасының орынбасары Петр Своик, Маржан Аспандиярова мен партияның аппарат жетекшiсi Қадыржан Асқаров “Бүгiн Жовтис, ертең сен” атты Евгений Жовтистi қолдау мақсатында кезектi наразылық акциясын өткiздi. “Бiз елде болып жат­қан оқиғаларға бейжай қарай алмаймыз. Жовтистi жазаға тартуды заңсыздық деп бiлемiз. Өз пiкiрiмiз бен көзқарасымызды ашық бiлдiруге құқымыз бар. Ол үшiн құқық қорғау орындары азаматтарды жауапқа тарта алмайды. Мұның өзi – заң бұзушылық. Егер құқық қорғау орындары азаматтарға өз көзқарасы мен пiкiрiн бiлдiруге тосқауыл жасаса, олардың өзi заң бойынша жауапқа тартылуы тиiс”, – деп мәлiмдедi партия жетекшiлерi. Сондай-ақ, олар полиция бөлiмшесiне барудан, әкiмшiлiк сотқа қатысудан бас тартатынын да ашық айт­ты.

Бұдан кейiн қолдарына “Бүгiн Жовтис, ертең сен” деп жазылған плакатты ұстаған “Азат” партиясының белсендiлерi Арбат алаңымен Фурманов көшесiне қарай жүрдi. Алмалы аудандық полиция қызметкерлерi олардың плакаттарын тартып алды. 20 минутқа созылған қарсылық акциясы тұтқындалусыз аяқталды. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар