1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
25 ақпан 2014
Януковичке iздеу жарияланды

Кеше түс ауа Украинаның жаңадан таға­йындалған iшкi iстер министрi Арсен Аваков президенттiк қызметiнен шеттетiлген Виктор Януковичке iздеу жарияланғанын мәлiмдедi.

“Бейбiт халықты жаппай өлтiру iсi бойынша қылмыстық iс қозғалды. Януковичпен қоса тағы бiрқатар лауазымды тұлғаларға iздеу жарияланды”, – деп жазды А.Аваков Фейсбуктегi парақшасында.
Януковичтiң қайда жасырынып жүргенi туралы түрлi қауесет бар ел аузында. “Қырымда тығылып жүр”, “Ресейге қашты”, “Оманға кеттi”, “Бiрiккен араб әмiрлiктерiн сағалады” деген ақпарат тараған. Алайда Парсы шығанағындағы елдер мұны жоққа шығарды. Тағы бiр дерек көзi Януковичтiң Украинада екенiн, арнайы бункерде тығылып жатқанын айтады. Қалай болғанда да, Януковичтiң қазiргi жағдайы тым мүшкiл.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар