1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
25 ақпан 2014
12 жыл құлдықта болыпты

Қарағандылық Владимир Галкин 12 жыл бойы әлдебiр фермердiң шаруашылығында құлдықта болған. Ол бiр апта бойы иен далада қашып жүрiптi. Құдай сәтiн салғанда, күре жолдың бойына шығып, көмiр таситын жүк көлiктерiнiң бiрi оны Қарағандыға жеткiзген.

“Менi 2001 жылы ұрлап әкеттi. 8 наурыздың қарсаңы едi, таныстармен бiрге аздап ұрттадық. Әйелiме гүл алып, үйге келе жатқанмын. “Жигули” жаныма тоқтап, жиһаз тасуға көмектесуiмдi сұрады. “Көп ақша төлеймiз” дедi. Көлiкке отырған соң олар маған бiр стақан арақ ұсынды. Арақты iштiм де, ес-түсiмнен айырылып қалдым”, – дейдi В.Галкин.
Галкиннiң айтуынша, 12 жыл бойы оны Амантай деген бай фермер жалшылықта ұстаған. Оның Галкин сияқты 15 жалшысы бар екен. Жұмыс iстемегендердi соққыға жығып, “атып тастаймын” деп қорқытатын көрiнедi.
12 жылда Галкиннiң әйелi қайтыс болған, жал­ғыз қызы тұрмыс құрыпты. “Iздеу салатын ешкiмiм жоқ. Мен сияқты қаншама адам құл­дықта жүр. Соларға көмектескiм келедi”, – дейдi ол.
Егер Галкиннiң айтқаны дәлелденсе, “құлиеленушi” фермердiң мүлкi тәркiленiп, 15 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкiн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар