1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
25 ақпан 2014
Шеңгелдiдегi шатақ: адам өлтiрген қару қайда?

Қаскелеңдегi қылмыстық iстердi қарайтын ауданаралық сотта Шеңгелдiде болған шатаққа қатысты сот өтiп жатыр. Естерiңiзде болса, 2013 жылдың 19 тамызында Алматы облысының Шеңгелдi ауылында қазақ жастары мен шешен жiгiттерi Агузаев пен Угазаев арасында қақтығыс болып, екi қазақ жiгiтi оққа ұшқан. Бiрнеше оқ тиген М.Ақжолтаев ауыр жарақаттан көз жұмса, Е.Бекмұханың жаны әзер қалды.

Iстi судья Б.Байжүнiсов қарап жатыр. Бұл iсте де басы ашылмаған жайттар аз емес. Бiрiншiден Угазаев қолданған қарудың не “Калашников” автоматы екенi, не “Сайга” аңшы карабинi екенi белгiсiз. Екiншiден, адам атып өлтiрген қару ұшты-күйлi жоқ. Үшiншiден, М.Ақжолтаевқа не оқ атылғаны және қалай атылғаны да анықтауды қажет етедi. Төртiншiден... Бесiншiден...
Бiр анығы – Шеңгелдiдегi қару қолданған қақтығыс адам өлiмiне әкеп соқтырды. Басқаларға сабақ болуы үшiн кiнәлiлер тиiстi жазасын алуы керек. Олай болмаған жағдайда мұндай оқиға тағы қайталанбасына ешкiм кепiл бола алмайды.     
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар