4 ақпан 2014
“Қырлан, Ақпан, қырлан!”
Ауа райын болжайтын орталықтардың айтуынша, 10 ақпанға дейiн Қазақстанның барлық аймақтарында күн өте суық әрi аязды болады. Ал Алматыда 6 ақпан мен 9 ақпан аралығында аяздың күшi түнде 25 градусқа дейiн, күндiз 22 градусқа дейiн төмендейдi.
Алматы мен Алматы облысында қар апта бойы жауады. Қазақ аңызында айтылмаушы ма едi, Қаңтар өзiнiң кезегiн iнiсi Ақпанға өткiзiп берiп жатып:
Сары қызда сағақ қалды,
Қара қызда бұғақ қалды,
Менiң шамам келмей қалды...
Ендiгi үмiт сенде қалды:
Қырлан, Ақпан, қырлан! – дептi деген. Шынында да, ақпан қырланайын, қырына алайын деп тұрған сияқты.