1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15471) 16 ақпан, сейсенбі 2010
16 ақпан 2010
«Дастархан» дауы

Сенат депутаты Оралбай Әбдiкәрi­мовтiң баласы Қайрат Әбдiкәрiмов Астанадағы «Мол дастархан» кафесiн тас-талқан етiп қиратыпты. Қолындағы күрегiмен терезелердi шағып, маңдайшадағы жазуды бүлдiрген. «Бұл жерде жұмыс iстемесiн» деп кафе қожайынына көмекшiлерi арқылы қоқан-лоққы жасаған. «Мол дастархан» кафесiнiң иесi Рустам Ниязовтың айтуынша, Қ.Әбдiкәрiмовтiң шала бүлiнуiне «бәсе­келестiк» себеп болған көрiнедi. Сөйтсе, Қайраттың да дәл осындай кафесi бар екен. Аты – «Дастархан», ал бәсеке­лесiнiң кафесi «Мол дастархан» деп аталады.

Иесiнiң айтуынша, бүлiнген кафенiң жалпы шығыны – 300-350 мың теңге. Р.Ниязов құқық қорғау орындарына шағым түсiрген. Бiрақ ол iс аяғына жетпей ме деп қауiпте­недi. «Таңертең бiр телеарна болған жайтты түсiрген болатын. Оларға эфирден көрсетпесiн деп қоңырау шалыныпты», – дейдi ол. Құқық қорғау органдары әзiрге бұл iске қатысты ақпарат бермей отыр.
«Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады» деген мақал бар қазақта. Ал әкесi сенатордың бәсекелестерiн күрекпен ұрып жығатынын көзiмiздiң көрiп тұрғаны осы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар