1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15845) 19 қыркүйек, бейсенбі 2013
19 қыркүйек 2013
Барлық Меңдiғазиев қамаудан босатылды

“KSS building” ЖШС-ның жетекшiсi, кәсiпкер Барлық Меңдiғазиев қамаудан шықты. Батыс Қазақстан облысы Бөрлi ауданының соты кәсiп­кердiң бұлтартпау шарасын өзгертiп, қаладан кетпеу жөнiнде қолхат алған.

“Бас прокуратура кәсiпкерлердi қорғау жө­нiндегi кеңеске құлақ асып, кәсiпкер Меңдiға­зиевтi босатты”, – делiнген “Атамекен” одағы” ұлттық экономикалық палатасының баспасөз хабарламасында.
Қаржы полициясы кәсiпкер басқаратын компания салықтан жалтарды деген айып таққан-ды. Алайда Алматыға келiп, баспасөз мәслихатын берген Б.Меңдiғазиев Кирсанов мемлекеттiк қорығының аумағына мұнай қалдықтарын көмуге қарсы шыққаны үшiн жергiлiктi билiктiң қырына iлiнгенiн мәлiмдеген. Iле-шала салық органдары компанияны тексеруге кiрiсiп, артынша қаржы полициясы қылмыстық iс қозғаған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар