1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15845) 19 қыркүйек, бейсенбі 2013
19 қыркүйек 2013
Қапшағайды жаулап алғандар – депутаттар мен министрлердiң туыстары

Kapital.kz интернет-басылымының жазуынша, Қапшағай су қоймасы солтүстiк жағалауының иелерi банкирлер, депутаттар мен министр­лердiң туыстары екен.

“Ауданы 11,4 гектар жел телiмi “Фирма Партнер-kz”ЖШС-ға тиесiлi болып шықты. Компания құрылтайшысы – Юрий Мунтян, ол “Мұнай Стандарт 2005” ЖШС және Алматы мұнай базасы арқылы Мұхтар Тiлеуовпен бизнес-серiктес. Жер­дегi құрылымдар қорғаныс экс-министрi Сәт Тоқпақбаевтың ұлының сенiмдi басқаруында”, – делiнген мақалада. 
Ал Әдiлет министрi Берiк Имашевтiң әйелiне “1,1 га жер тиесiлi (“Нұрбанк” АҚ кепiлдiгiнде)”.
“Қапшағай су қоймасының солтүстiк жағалауында қазiргi ҚР Ұлттық банкi төрағасының орынбасары Әбен Бектасовтың да 2006 жылы алған 2,3 га жерi бар. Мәжiлiстiң V шақырылымының депутаты Әлихан Тойбаевтың қызы – Нұргүл Тойбаева Ә.Бектасовтың көршiсi. Ресми мәлiметтер бойынша Тойбаеваға тиесiлi 2,2 га жерде демалыс базасы бар”.
Қапшағайдан қазақстандық банктер де жер сатып алған. Мысалы, “Темiрбанкке” жалпы ауданы 5,7 га болатын бiрнеше жер телiмi тиесiлi. Бұдан бөлек “Альянс банк, “АТФ банк”, Эксимбанк”, “БТА банк” “Банк Центр Кредит” АҚ-тары­ның әрқайсысында бiрнеше гектардан жер те­лiмдерi бар.
“Меркурий 1999” ЖШС былтырғы жылы 3,3 гектар жердi солтүстiк жағалаудан сатып алған. “Forbes Kazakhstan” мәлiметi бойынша, компания “Атамекен”ҰЭП төрағасы Тимур Құлыбаевқа тиесiлi”.
Alina компаниялар тобының президентi Ерлiк Балпанбаевтың қызы Дана Балпанбаева 3 га жердi сатып алған.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар