1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15835) 20 тамыз, сейсенбі 2013
20 тамыз 2013
Н.Ноғаевтың фотомакетiн көшеде алып жүру – 3462 теңге

Орал қаласындағы «Уральская неделя» газетiнiң тiлшiлерi мен көлiк жүргiзушiсi – Талғат Омаров, Тұрар Төлегенов, Рауль Упоров және Михаил Ишутин облыс әкiмi Нұрлан Ноғаев­тың фотомакетiн көлiкке салып, қаланың бiраз жерiне бармақ болған. Жоспарға сәй­кес, әкiмнiң «макетi» бiрнеше кедей отбасына «кiрiп», жайсыз жолдармен танысып, наразылық акциясына куә болып, автобуспен орталық базарға дейiн барып, соңынан баспасөз конференциясына қатысуы керек едi.

Өкiнiшке қарай, әкiмнiң “макетi” полиция басқармасынан бiр-ақ шықты. Газет тiлшiлерiн жарты жолдан тоқтатқан полицейлер ынталы топтың мәселесiн шешудi соттың еншiсiне қалдырған. Орал қаласының мамандандырылған әкiмшiлiк соты жергiлiктi «Уральская неделя» газетiнiң тiлшiсi Талғат Омаровқа Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаевтың фотомакетiн көшеге алып шыққаны үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде, яғни 3462 теңге  айыппұл салуға шешiм шығарды. Ал қалған тiлшiлерден түсiнiктеме алынды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар