1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
9 ақпан 2010
Украиндер де бiз сияқты...

Кешегi күнi ақпарат агенттiктерi Украинадағы президенттiк сайлаудың екiншi туры хаттамаларының 97 пайызға жуығы қаралып, Аймақтық партияның жетекшiсi В.Януковичтiң 48,55 пайыз, премьер-министр Ю.Тимошенконың 45,79 пайыз дауыс жинағанын хабарлады. Алдын ала мәлiметтерге қарағанда, Янукович қарсыласынан 2-3 пайыз артық дауыс жинауы мүмкiн.

Естуiмiзше, Януковичтiң көңiл-күйi көте­рiңкi көрiнедi. «Аймақтық партия Юлия Тимошенко блогымен ешқандай келiссөз жүргiз­бейдi. Бiз елде реформа жасаймыз», — дептi ол бiр сөзiнде.
Тимошенко да жанталасып жатыр. Ол былай дедi: «Той тойлауға әлi тым ерте емес пе? Асықпаңыз, Янукович мырза».
Украиндер де батыс, шығыс, оңтүстiк, сол­түстiк болып бөлiнiп алып, қырқысып жатыр. Саясатқа жүйрiк әрi көзi ашық қоғамда өмiр сүрiп жатыр демесеңiз, бұлар да сиырдың бүйрегi сияқты бөлшек-бөлшек екен-ау, ә...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар