1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15826) 18 шілде, бейсенбі 2013
18 шілде 2013
Тағы бiр генералдың соты басталады

Шiлденiң 23-i күнi Алматыда “Батыс” шекара бекетiнiң бұрынғы бастығы, генерал-майор Әбдiразақ Iлиясов пен оның үш сыбайласына қатысты сот процесi басталады. Мемлекеттiк айыптаушылар генерал мен оның сыбайластарына “100 миллион теңге пара алды” деп айып тақты. Генерал Ильясовты өз арасында “Фотограф” деп атайтын көрiнедi. Бұл iске судья Ербол Ахметжанов төрағалық етедi.

Ербол Ахметжанов – атышулы Арқанкерген iсiне төрағалық еткен, 20 жастағы “қазақстандық Рэмбо” Владислаф Челахқа өмiр бойы түрмеде отыру жазасын кескен судья.
Генерал Iлиясов сыбайластарымен бiрге “шетелдiктерден аса iрi көлемде бiрнеше рет пара алғаны үшiн” жазалануы мүмкiн. Кейбiр бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Iлиясов бұдан басқа да ауыр қылмыстар жасаған деседi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар