1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15797) 9 сәуір, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
9 сәуір 2013
Патша таңдау

 

Әңгiменiң төтесi,
Бұл мәселе болып тұр –
Мәселенiң көкесi.
Талқыға түстi арыстанның
Қаны сұйылып қалған шекесi:
– Бағалап жатқан жер жүзi
Арыстанымыздың
Тағында отыратын мерзiмi
Аяқталғанын қалайсыз ба?
–Жо-жоқ, айта көрмеңiз!
Теңдесi жоқ патшамыздан
Айырылып қалмайық абайсызда...
– Бiрақ,
Арыстанымыз жүрген кезде,
Бiр жағына жантайып,
Құлап қала жаздайды ғой.
Жүргенiнен тұрғаны көп
Қайта-қайта талтайып...
Бiттi өзi де қартайып!
– Иә, иә,
Салқындағысы келсе,
Торайлармен таласып,
Балшыққа барып аунайды,
Тiптi, мысықпен қосылып
Тышқан аулайды...
–Ну, што!
Соған қарамай,
Құрбандығымыздан
Алдына тастасаң,
Қиналмай-ақ қылғиды.
Демек,
Әлi талай жерге жылжиды.
Соның арқасы емес пе,
Боп жүргенiмiз
Оның – қорқау,
Менiң – түлкi,
Сенiң – қабылан?
Ендеше, өзге патша iздеп,
Несiне қағынам?
Орманымызды Құдайым
Айыра көрмесiн
Арыстандай бағынан.
– Тамаша сөз!
– Орынды пiкiр,
Басқаларға түкiр!
– Ананың
Қанша жесе де тоймайтынын,
Мынаның
Ұрлығын қоймайтынын,
Сенiң,
Қысы-жазы тойлайтыныңды,
Менiң
Тек қалтамды ойлайтынымды
Ол өзiмiзден жақсы бiледi.
Жақсы бiлгенi сол –
Сыбағалы болып,
Көңiлi толып,
Қас-қабағымызды бағып,
Арқамыздан қағып
Отырған
Айтшы кiм өзi?
– Ендеше, олжамызға
Оны да қанықтырсақ,
Кеуiп бара жатқан көнiн
Елiк, бұлғын, маралдың...
Жас қанына малып тұрсақ,
Мұртымызды балта шаппайды!
– Қысқасы, орманымыз
Әрқашан қорғанымыз
Болатын
Осы қартайған
Арыстаннан артық патша таппайды!
– Дұрыс!
– Дұрыс!
– Алжыған Арыстан – бiзге ырыс!
– Ал ендеше, не тұрыс?
Қаулыны дайындауға кiрiс!
...Сайлаушылар
Арыстанды бiрi – милығынан,
Бiрi – құйрығынан,
Ендi бiрi –
Шандыр болған таңынан
Тағы бiрi –
Ұйпа-тұйпа жалынан
Демеп әкеп,
Тағына қайта жайғастырды.
 
Кемелбек Шаматайұлы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті