1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15797) 9 сәуір, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
9 сәуір 2013
Қағытпалар

***

             Алло-ау! Көрiпкел Кеңесбектiң үйi ме екен?
             Иә, көрiпкел Кеңесбек сiздi тыңдап тұр!
             Менi бүрсiгүнi, сағат 2-де қабылдаңызшы. Қабылдауыңызға алдын ала жазылып қояйын деген едiм.
             Сiздi бүрсiгүнi қа­был­дай алмаймын.
             Неге?
             Өйткенi ертең Сiз аяғыңызды сындырасыз.
             ???
 
***
Колбаса цехының бастығы жұмысқа ендi алынған күзет қыз­меткерiне түсiндiрiп жатыр:
             Сырттағыларға сақ бол! Бiздiң колбасаны ұрлайтындар да – сырттағылар!
             Цехтың жұмысшылары да ұрлайтын шығар?
             Олар ұрламайды! Олар колбасаның неден, қалай жасалатынын бiледi, сондықтан да ұрламайды!
 
***
Әйел:
             Қымбатты дәрiгер, менiң бетiмде бiрде-бiр әжiм қалмасын. Әжiмнiң өзi де, iзi де қалмасын.
Дәрiгер:
             5 мың доллар тө­лейсiз.
             Тым қымбат қой...
             Онда 3 мың доллар төлеңiз.
             Ой, қымбат. Арзанырағы жоқ па?
             Бар.
             Ол не?
             Паранжы.
 
***
Футбол добы шайбаға мұңын шағып жатыр:
             Менiң өмiрiм өте қиын, тепкiден көз аша алмаймын.
Шайба:
             Сен қақпаға жиi кiруге тырыс. Сонда олар сенi қолдан тү­сiр­мейтiн болады.
 
***
             Сыбайлас жемқорлықты ешуақытта жеңуге де, жоюға да болмайды!
             Қалай?..
             Өйткенi сыбайлас жемқорлықпен күресу – өте табысты сала. Ақшаны күреп табасың. Ал ендi мұндай саланы кiм жоюшы едi?!
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті