1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15797) 9 сәуір, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
9 сәуір 2013
Бастық

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк Қазақстанның мемлекеттiк қызметшiлерi лауазымдарының тiзiмiнен “бастық” сөзiнiң алынғанын мәлiмдедi. Электронды сайттардан

Жазғанменен бұған арнап неше өлең,
Көгере ме деймiн ендi көсегем?
Бастығыма “басеке” деп айта алмай,
Шынымды айтсам, қиын боп жүр кешеден!
 
Басымда емес бұл жағдай бiр менiң,
Түсiнедi бастығы бар кiмде-кiм.
Жоғарыда жүргендерге бұл сөздiң,
Несi ұнамай қалғандығын бiлмедiм...
 
Айыра алмай, бастығы кiм, басшы кiм,
Осы боп тұр дәл бүгiнгi басты мұң.
“Басеке!” деп иiлгенде алдында,
Дардай болып қалушы едi бастығым.
 
Осы сөздiң шын қадiрiн бiлетiн,
Кiм бар бiрақ бiзге құлақ түретiн?
Күндер қалды “басеке” деп бастықты,
Бәйбiшесiн “жеңешелеп” жүретiн.
 
“Мырза” десек таға ма деп кiл айып,
Дейдi әйелiм: “Жүр, өзiнен сұрайық”.
Сөйтiп қалай атаймын деп бастықты,
Деп отырмын басым қатып, мұңайып...
 
“Сват...” десем, кетттi дей ме бағынбай,
“Брат...” десем ала ма екен қабылдай?...
“Шеф” деймiн бе еуропаша әлде мен,
“Босс” десем бе АҚШ адамдарындай?
 
Ойлаймын да: “Бұрынғыдай iрi ме?”,
Көз астымен қарап қоям түрiне.
“Бастық” деген атын алып қойғанмен,
Бастығымның өзгерген жоқ түгi де!
 
Бұрынғыша бәрiмiзге “бағалы”,
Бұрынғыша шарт түюлi қабағы.
Сауна түсiп, шарап iшiп шамалы,
Бұрынғыша... “10 процент” алады.
 
Бұрынғыдан өзгермеген түр-өңi,
Бұрынғыша талтаң басып жүредi.
Мың қатырып басымызды, айқайлап,
Ырғатылып джипiне мiнедi.
 
Болғанменен ұяты аздау, ары кiр,
Мемқызметтiң майын iшкен нары бұл!
Аты өзгерiп кеткенменен бастықтың,
Заты өзгермей қалып қойды бәрiбiр!
 
Жоғарыдан заң шығарып бiр кейде,
Бастықтарға байқап басып жүр дей ме...
Қасқырларды атағанмен қоян деп,
Бiрақ оның қой жейтiнiн бiлмей ме?!
 
Сайлау Байбосын
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті