1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15775) 22 қаңтар, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
22 қаңтар 2013
Әзiлiң жарасса, атаңмен ойна!

ЖАҒЫМПАЗДАР ЖАҚТЫРМАЙДЫ ҚАБЕҢДI

Қабдеш Жұмадiловке

Қазақ үшiн болып жатса көп егес,
Шындықты айтар шал қазақта көп емес,
Қазақ үшiн қажеттiгi Қабдештiң –
Ешқашан да Әуезовтен кем емес!
 
Қоғамынан көргенсiздiк күй ұғып,
Сөз сөйлесе тұйғын құстай түйiлiп.
Жағымпаздар жақтырмайтын Қабеңе,
Қалың елi қол соғады сүйiнiп!
 
Арман шiркiн, iске аспаса – азап тек,
Қабекеңде ондай арман ғажап көп:
“Он жыл қысыр қалып қытайлар,
Он-он бестен туса, – дейдi, – қазақ тек!”
 
 
КӨРГЕН ЕМЕС ҚАТТЫ АЙТЫП БИЛIККЕ ДЕ 
Төлен Әбдiковке
 
Төлен Әбдiк дегенде Төлен Әбдiк,
Кiтап жазып бермейдi көлемi әйдiк.
Әйдiк емес шап-шағын шығармамен
Адамзатқа айтарын келедi айтып.
 
Айтқанменен ешкiмге қатты айтпайды,
Мақтамайды, өзiн де мақтатпайды.
Өз “Әкесi” сияқты, көп сөзi жоқ.
Ұрпақты ойлар, iшiне сақтап қайғы.
 
Қоса алмайсың шабанға, жүйрiкке де,
Тапалға да, сұңғаққа, сүйрiкке де,
Ұлттың мұңын айтады. Қатты айтпайды,
Көрген емес қатты айтып билiкке де.
 
Көрiнсе де түскендей ұнжырғасы,
Анық бiрақ алдырмас-жұлдырмасы.
Төлен Әбдiк екенi анық және
“Парасат майданының” бiр тұлғасы.
 
 
“ҚАЗАҚ” ДЕГЕН ГАЗЕТ БҮГIН ТҰР ШЫҒЫП
Қоғабай Сәрсекеевке
 
Үлкенге iнi, iнiге аға – Мәзiрi,
Тiрi жанға жоқ ешқандай жазығы.
Көрген сайын бұл Қоғабай ағаңды
Еске түсед Жарасқанның әзiлi...
 
Қоқаң қазiр баспасөзге құлшынып,
“Қазақ” деген газет бүгiн тұр шығып!
Оны оқыса, «Заман не боп кеткен?» – деп,
Жылар едi Ахмет Байтұрсынов.
 
Мырзан КЕНЖЕБАЙ

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті