1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
11 шілде 2017
Классик

Таңғалмайтын заман бұл,
Қайда жүрсең де аман жүр.
Кәрі саулықтыкіндей жасы қалғанда,
Жаппардың жазушы атанғаны
Ерсілеу көрінді маған бір.
Сол көкеміз
Талантымен танылды ма,
Әлде редактор есебінен жаңылды ма,
Журналда екі әңгімесі жарияланды.
(Бәлкім, сыйлау да керек шығар қарияңды).
Сол-ақ екен,
Жаппарда жан қалмады.
(Оның мұнысына сырын білетіндер таңғалмады).
Журналды алып,
Анаған да жүгірді,
Мынаған да жүгірді.
– Атым қалатын шығар мәңгіге енді,
Оқыдың ба журналдағы әңгімемді, –
Деп оқымасына қоймады.
(Айтпақшы, бұл пақыр,
Осы әңгімесін екі апта тойлады).
Өзін классик санаған,
Оған негізінде
Жолай бермеуші еді жан адам.
Зорлықпен әңгімесін оқығандар
Түңіліп отыр.
Күлдібадам еңбектің
Әр жолына үңіліп отыр.
Сөйтсек, бұл классик
Эстетика, этикадан мақұрым екен.
Бұл жазғышбек
Тауып алыпты өзіне ұнамайтындарды
Сынап жазудың әдісін тауыпты төтен.
Тілі сондай зәрлі,
Улы тікенін олай да сұғады,
Бұлай да сұғады.
Кей сөзінен тіптен шошынасың.
Ашық-шашық суреттепті,
Ұрысып қалған бір ашынасын.
Сондай-ақ бұл жазғыш,
Өзімен бірге жүрген жолдастарын,
Тіпті туысқан-қандастарын,
Аямай сынаған көрінеді.
Балдыр-батпақты оқығандар,
Оқи отырып шошынғандар:
–Мынау әншейін су ғой, – дейді.
Екінші біреуі:
Су емес, у ғой, – дейді.
Міне, Жаппар көкем,
Шимайын тағы әкеліп отыр,
Дегендей «мені мақтасын».

***
Елді ала тайдай бүлдіретін,
Осындайлардан Құдай сақтасын!
 

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті