1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
19 қыркүйек 2017

Бір кісі данышпаннан:
– Осы әйелдер қай айда аз сөйлейді?– деп сұраса, данышпан:
– Ақпанда,– депті.
– Неге?
– Ақпан 28-іне бітеді ғой,– депті.

19 қыркүйек 2017
Әзімбектің әзідері-ай...

Бір кездері еліміздің айтыс өнерінде жасындай жарқырап, табанда тауып айтқыштығымен ерекшеленген, аса қарапайымдылығымен халыққа жаққан, ер мінезді Әзімбек Жанқұлиев көзі тірі болғанда қыркүйек айында 55 жасқа толар еді. Ақ көңіл ақынның ғұмыры қысқа болды. Небәрі 41 жыл өмір сүрген ол Ауған соғысына қатысқан жауынгер еді. Көңілге медет – соңында екі ұлы қалды. Ат тұяғын тай басты. Қазір олар да

19 қыркүйек 2017

Танысыңыз, мен дубинкамын! Туған жылым белгісіз. Русызбын. Солқылдақ. Түсім қара. Арқадан ұруға ыңғайлы етіп ұзындау резинадан жасалғанмын. Міндетім – Конституциямыздың демократиялық талаптарына сай елімізде тәртіп орнату. Менде көз, құлақ жоқ. Естімеймін. Көрмеймін. Тілім де жоқ, мылқаумын. Азаматтарды сартылдатып сабай жөнелгенде байғұстар бажылдап кірерге жер таппай қаша жөнеледі. Жаратушыға

19 қыркүйек 2017
Балабақшадағы «әкімдер»

ӘЗІЛ-ШЫНЫ АРАЛАС
Жиен әпкеміз жекеменшік балабақша ашқан. Екіқабатты үйінің бір жағынан бөлек есік шығарып, жақсылап жөндеп, қызылды-жасылды бояулармен безендіріп тастапты. Қайбір күні бір шаруамен бас сұқсам, балаларды ұйықтатып тастап, жалғыз өзі енді шай ішуге отырған екен. – Кел, айналайын... Түскі шай ғой... Отыра қал...

15 тамыз 2017

Ұшақ салонында отырған ұялшақ жігіт қасындағы сұлу қызға қалай тиісерін білмей, сасқанынан:
– Кешіріңіз, сіз де Алматыға бара жатырсыз ба?

15 тамыз 2017

Кеше әскерге барғың келмесе де,
Сүйреп алып кетуші еді.
Қиқаңдасаң тартыншақтап,
Әкеңнің көзі ежірейіп,
Қамшысымен салып кетуші еді.
– Ой, жасық!
– Найсап!
–Жаман сасық! –

15 тамыз 2017
Төпен Көпендей төпелегенде...

Төпен Әмірбекті көп адам Көпен Әмірбекпен шатастыратыны бар. Әмірбектен «сызған», Жұлқыннан туған қос бауырды есімдерінің бас әріптері ғана екі адам екенін білдіріп тұрған сияқты. Төпен де Көпен сияқты сатираны төпеп жазады. Сөйлесе сөздің түбін түсіреді. Нағыз жатыпатар. Көздері күлімдеп отырып әңгімені де жақсы айтады. Шәуілдір жақта «Төпен айтыпты», «Төпен былай депті» деген қызық әңгімелер көп. Біз соның бірқатарын жариялауды

15 тамыз 2017
«Джуан колбасаны джонып джеп джатырсыңдар ма?»

Қалтай Мұхамеджанов ағамыз жұмысқа келгенде: – Қалай, джігіттер, джағдайларың джақсы ма? – дейтін сол кезде «ж»-ға «д»-ны қосып айтатындарды кекетіп. Бір күні «Араның» жауапты хатшысы, марқұм Сайлаубек Жұмабековтің бөлмесінде жұмыстың соңында кішігірім «жетім қыздың» тойын жасап жатқанбыз. – Есікті жаптыңыз ба? – деген сұрағыма «қорықпа, қатырдым» дегендей Сәкең екі көзін бірдей жұмып

15 тамыз 2017
Мейірімді мемлекет

Жұмыр жердің бетінде дәл осындай мейірімді мемлекет бар да шығар, жоқ та шығар. Олай-былай шығып көрмегесін кесіп-пішіп айту да қиын екен. Бір білерім – біздің мемлекет өте-мөте мейірімді. Халық үшін, ел үшін шыр-пыр болады да жатады. Бұл үкіметтің халыққа деген қамқорлығын, жанашырлығын дәлелдеймін десеңіз мың сан мысал келтіруге болады. Бізде төтенше жағдайлар қызметі бар. Бірақ бұл мекеме жаны қысылған адамға көмекке келетін

11 шілде 2017

Бір жастау әйел әңгіме үстінде өзіне құдағи болып келетін қарт әжеге бір емес, бірнеше рет байқамай, «қызымды сізге тапсырдым» дей беріпті. Сонда әлгі әжеміз: «Құдағи, қызыңды маған емес, қайта мені соған тапсыр», – деген екен.

***
Қожанасыр бірде түн ішінде шошып оянып: «Қатын, тұр! Дереу қағаз-қалам әкел», – депті.
Әйелі байғұс түртінектеп жүріп отағасының сұрағанын қолына беріпті. Сонда Қожекең: «Қызыл-жасыл тауықтар жүр, жасыл жапырақтар арасында», –деп жазыпты да, қайта

11 шілде 2017

Таңғалмайтын заман бұл,
Қайда жүрсең де аман жүр.
Кәрі саулықтыкіндей жасы қалғанда,
Жаппардың жазушы атанғаны
Ерсілеу көрінді маған бір.
Сол көкеміз
Талантымен танылды ма,
Әлде редактор есебінен жаңылды ма,

11 шілде 2017
«Новый» қазақ

Менің бір көршім бар. Өзі сауысқаннан да сақ бір шоқып, екі қарайды. Біз көрші болғалы бес-алты жылдың ішінде үйіне ешкім бас сұққан емес, өзі де ешкімнің шаңырағына кірмейді. Бірдеңе сұрап қалсаң, құдайдың тегін ағып жатқан қара суын бермейтін нағыз шық бермес Шығайбай. Бәріміз үшін оның қандай қызмет атқаратыны, немен шұғылданатыны бір жатқан үлкен жұмбақ. Баяғы бала кезімізде киноларда көретін шпионның нақ өзі. Айтпақшы, бұл көршімнің қақтаған балық сияқты

11 шілде 2017

«Құрдастардың қалжыңы» дегенде есіме Сламбай атам түседі. Біздің Майбұлақ ауылы екі құрдас – Сламбай мен Сейфолла аталарымыздың қалжыңдарын әлі күнге жыр ғып айтады. Сламбай Тоқбергенұлы 1989 жылы қайтыс болып кетті. Сейфолла Әшірбекұлының о дүниелік болғанына да біраз жылдың жүзі болды. Жатқан жерлері жәннат болсын. Осы екі атамның қызық уақиғаларын естіген сайын

11 шілде 2017
Ұйықтап қалсам екен...

Мен бүгін жұмыстан көңілді оралдым. Енді ше, жалақымыз 10 пайызға көбейетін болды. Қуанышымда шек жоқ. Жағымды жаңалықты әйеліме жеткізгенше асықтым. Үйге келсем, келіншегімнің көңіл күйі пәс. Оны да түсінуге болады. Бірақ ол бүгінгі жаңалықты білмейді ғой. Әзірше, әрине. Арсалаңдап кірген бойда ту сыртынан құшақтап, шөпілдетіп сүйіп алдым. Мұндай қылығымды бұрын-соңды көрмеген әйелім жақтырмай, бетін тыжырайтты. Бірақ оған мән берген мен жоқ. – Кемпір, шәйіңді дайында. Дастарқанға барын салшы, – дедім қутыңдап. Бетіме

6 маусым 2017
ҚАҒЫТПА

Дәрігерге келген еркек шағым айтып отыр.
«Ұйықтай бастасам болды, түсіме адам шошырлық үрей кіреді. Оянсам, сол үрей қасымда жатады».

***
Екі бит театрдан шығып шіреніп тұр.
– Не істейміз, ит ұстаймыз ба, жоқ, жаяу кете

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»