1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
24 желтоқсан 2015
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының алтын тамыры
“ҚазАгроҚаржы” АҚ-ның ұраны – ауылды нақты қолдау. Елiмiздiң экономикасының өн бойына қан жүргiзу мақсатында құрылған “ҚазАгроҚаржы” акционерлiк қоғамы 15 жылдан берi ауыл шаруашылығы саласына серпiн берiп келедi. Биылғы жылы “ҚазАгроҚаржы” АҚ құны 40 миллиард теңгеден асатын 73 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап, жұмыстың 85 пайызы орындалды. 62 инвестициялық жоба дер уақытында iске қосылып, 1 254 адам жұмыспен қамтылды.
22 желтоқсан 2015
Сұлтан Хан Аққұлы: Алашорда көсемдерi – тәуелсiздiк жолындағы күрестiң бас қаһармандары

Әр ұлттың өмiр сүру жолын айқындайтын, оның ұлт болып қалыптасып, мемлекет ретiнде қанатын жаюына себепкер ұлы мақсаттар болады. Алашорда көсемдерiнiң түпкi мақсаты да дәл осындай ұлттық идеядан бастау алған-ды. Cондықтан ұлық мерекеде тәуелсiздiк жолында аянбай күрескен, тұңғыш демократиялық алаш үкiметiн құрған, Әлихан Бөкейхан көтерген Алаш туының астына жиылған жандардың ерлiгi мен еңбегiн айтпай кету аруақтың алдында да, ұрпақ алдында да кешiрiлмес

15 желтоқсан 2015
«Батыста бәрi жаман, ал Қазақстанда керемет!» деуден жиренген журналист кеш те болса қатесiн түсiнiптi

“Хабар” және “24.kz” телеарналарының Лондондағы меншiктi тiлшiсi Бэла Құдайбергенованың “өтiрiк айтудан шаршадым, жұмыстан шығамын” деген мәлiмдемесi журналистiк ортада, әлеуметтiк желiде үлкен дүмпу тудырды. Бiз Б.Құдайбергенованың өзiне хабарласып, оның мұндай қадамға нелiктен бар­ғанын анықтаған едiк.

15 желтоқсан 2015
Құрманғазы Рахметов: Желтоқсан тарихы ақиқатты қалайды

Желтоқсанға қатысқаны үшiн оқудан шығарылып, одан жетi жылға сотталып, оның екi жыл екi айын түрмеде өткiзген, алаңға барғаны үшiн ағайын-туысын “қудалатып”, жұмыстан “шығар­ған”, бiр сөзбен айтқанда, 1986 жылдың ызғары мен азабын бiр кiсiдей көрген Құрманғазы Рахметовтен бүгiнгi жастардың өздерiне деген көзқарастарын сұрап көрген едiк.   

10 желтоқсан 2015
Б.Исаева: Қудалаудың артында Кремль тұр

Талғар қаласында тұратын мұғалiм Ботагөз Исаева – әлеуметтiк желiдегi сепаратизммен күресушi белсендiлердiң бiрi. Б.Исаеваның шағымы бойынша бұған дейiн ресейпиғылды сепаратистiк ұйымның әлеуметтiк желiдегi парақшасы жабылды. Қазiргi кезде Жамбыл облысының Қордай ауылында блогер Ермек Тайшыбековтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесiне себепкер болған да – Б.Исаева. Алайда ұлт араздығын қоздырды деген баппен сотталып жатқан Е.Тайшыбеков Б.Исаеваның үстiнен де дәл осы бап бойынша арыз түсiрген болатын.

24 қараша 2015
Бiз Мұқағалитану бағытын таңдадық
Өткен аптада “Мұқағали” журналының 10 жылдығы аталып өттi. Басылымның бас редакторы Батық Мәжитұлымен сұхбатымыз айтулы датаға орай өрбiдi... – Кезiнде Алаш қайраткер­лерi – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы бастап, Мұх­тар Әуезовтер қостап, абайтану үрдiсi қалыптасты. Соның басты мiнберi “Абайдың” журналы болған екен.
Абай – қазына. Таусылмайды және арзандамайды.
24 қараша 2015
Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛI, композитор, шәмшiтанушы: Саз өнерiнiң сұлтаны неге ұмыт қалуға, ұмытылуға тиiс?
Халқымыздың аяулы ұлы, қазақтың аса көрнектi композиторы Әблахат Еспаев дәл ертең, яғни қарашаның 25-i күнi мерейлi 90 жасқа толады. Бiрақ неге екенi белгiсiз, телеарналарымыз да, радиомыз да, баспасөз де бұл ретте жым-жырт. Әблахат Еспаевты еске алып жатқан да, еске алу шараларын өткiзiп жатқан да ешкiмдi көрмедiк... Әблахат Еспаевты ұмытып кету, ұмыту мүмкiн бе? Әблахат Еспаевты ұмыту дегенiмiз – мына күнделiктi тiрлiкте бiзбен қоян-қолтық қойындасып, бiте қайнасып, санамызға әбден сiңiстi боп кеткен “Ұстазым менiң, ұстазым”, “Әлi есiмде”, “Қайдасыңдар, достарым?!”, “Маржан қыз”, “Сағыныш екен бала кез” және
12 қараша 2015
М.Iлиясұлы: Әлеуметтiк әдiлетсiздiкке араласқанымыз билiктiң үрейiн қашырды
Сейсенбi күнi астаналық бел­сен­дi, “Антигептил” қозғалысының мүшесi Мақсат Iлиясұлының үстiнен қылмыстық iс қозғалғаны белгiлi болды. Мұны М.Iлиясұлының өзi әлеуметтiк желiдегi парақ­шасында хабарлады. Белсендiнiң айтуынша, қылмыстық iстiң қозғалуына әлде­бiреудiң өзiнiң үстiнен түсiрген домалақ арызы түрткi болған. М.Iлиясұлына құқық қорғау органдары қандай айып тағып отыр? Домалақ арыз түсiрген кiм? Жалпы, соңғы кездерi азаматтық белсендiлердiң үстiнен қылмыстық iс қозғау нелiктен жиiлеп кеттi? Бiз осы сұрақтарды
5 қараша 2015
Сапырылысқан сапарлар сырына үңiлсек, не байқаймыз?

Әлемнiң алпауыт елдерiнiң басшылары Қазақстанға жиi сапарлайтын болды. Соңғы бiр-екi айдағы сапарларды сараласақ, Астанаға Украина президентi Петр Порошенко, Ресей прези­дентi Владимир Путин, жақында Жапония премьер-министрi Синдзо Абэ, ендi мiне, күнi кеше ғана АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Джон Керри келiп кеттi. Керридi қабылдаған күннiң ертесi президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапармен ұшып кетiп, сол елдiң премьер-ми­нистрi Дэвид Кэмеронмен

15 қазан 2015

Қазақстанның басты жаһандық жобасы – ЭКСПО-2017 көрмесi күн санап жақындап келедi. Әрине, ауқымды жоба елiмiздегi бiраз қызметтiк салаларды сын тезiне салатын түрi бар. Бұл орайда жолаушылар тасымалы да қарап отырған жоқ. Темiр жол торабы бүгiнде әлемнiң әр түкпiрiнен келетiн туристер ағынына қызмет көрсетуге тыңғылықты дайын. Жалпы алғанда, темiр жол саласы жолаушылар көлемiнiң /әуе және автокөлiк тасымалын қоса алғанда/ 50 пайыздық мөлшерiн тасымалдап отыр.

15 қазан 2015
Кәрiм Жұмағалиев: Бал арасы жалқауларды жақтырмайды
Кәрiм Жұмағалиевтi “Жас Алаштың” оқырмандары заңгер ретiнде таниды. Билiктегi “батыраштар” мен “қотыраштар” дәл бүгiнгiдей “Жас Алашқа” шүйлiккенде бiлiктi заңгер Кәрiм Жұмағалиев талай мәрте қауiптiң бетiн қайтарған. Әлi де ақылын айтып тұрады. Сексеннiң бесеуiне келген Кәрiм аға қазiр зейнет демалыста. Кейбiреулер секiлдi қартайдым, қажыдым деп масыл болып отырған жоқ, әлi тың. Омарташылықпен айналысып, кiтап жазып, қоғамға пайдасын тигiзiп жүр.
13 қазан 2015
«Қазпоштаның» Батыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Қайрат БЕКЕНОВ: Қызметкерлердi ынталандыра бiлу керек

Мамандығы жағынан физик-математик әрi заңгер, экономист Қайрат Балапанұлы Бекеновтiң «Қазпоштаның» Батыс Қазақстандағы филиалын басқарып отырғанына бар болғаны төрт айдан асыпты. Әйтсе де оны байланыс саласының ардагерi десе де жарасады. «Қазпоштадағы» еңбек жолын 2004 жылы Көкшетаудан бастаған. Кейiн Астанада орталық аппаратқа шақырылып, содан соң Қызыл­ордада үш жыл еңбек етiптi. Өзiнiң айтуынша, жайдан-жай емес “проблема болған” соң.

6 қазан 2015
1456-ны 1465-ке өзгерткенде не ұттық?
Қазақ хандығы-550
Қазақ хандығының тойы – қазақ мемлекет­тiлiгiнiң тойы. Хан – мемлекет басшысы болса, хандық – мемлекеттiлiк. Әйгiлi Ататүрiк: “Мен үшiн ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзi – ұлтымның кеудесi. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесiн ешкiмге бастырмау үшiн барымды саламын!” десе, ұлттың кеудесiн ешкiмге бастырмайтын да, ұлттың мерейi мен мәртебесiн көтеретiн де – ең әуелi мемлекеттiлiк. Мемле­кет­тi­лiктiң тағдыры, әрине, мемлекет басшысына да байланысты. Әсiресе, Шығыс елдерiнде, Шығыс халықтарында.
17 қыркүйек 2015
“Қазақстан фермерлер” одағының жетекшiсi Әуезхан Даринов “Жас Алаш” тiлшiсiне берген сұхбатында (2005 ж, наурыз) ауыл шаруашылығымен айналысатын құрылымдар өз саяси партиясын құрмақ ниетi бар екенiн айтқан едi. Парламентте iрi холдингтер мен компаниялардың сөзiн сөйлейтiндер болғанымен, орташа деңгейдегi шаруалардың жоғын түгендейтiндер жоқ. Партия сол мiндеттi атқаруы керек деген-дi. Жаңа партия құру бастамасы не болды, ол партия қашан дүниеге келедi? Оқырмандардың осындай сауалдарын Ә.Дариновпен кездескенiмiзде алдымен ортаға салдық.
17 қыркүйек 2015
Өткен нөмiрде “Д.Назарбаеваның вице-премьер қызметiне тағайындалуының астарында не жатыр?”, “президент Н.Назарбаев үлкен қызына билiктi тастауы мүмкiн бе?” деген мәселенi көтерiп, саясаттанушылар – Досым Сәтбаев пен Айдос Сарымның пiкiрiн назарларыңызға ұсынған едiк. Бүгiн осы тақырыпты ары қарай жалғастырып, тағы бiрнеше сарапшының болжамын бiлдiк.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»