1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
24 қаңтар 2013
Бiр адамға сүйенген билiк халыққа қызмет етпейдi

Экономикадағы монополияның халыққа тек зиянын ғана тигiзетiнi тәрiздi, билiктегi монополиядан да келiп-кетер пайда шамалы. Сондықтан билiк эшелонындағы соңғы ауыс-түйiстен бәлендей өзгерiс күтудiң қажетi жоқ. Себебi шенеунiктер жатса да, тұрса да халыққа жағуды емес, бiр адамға жағынуды ойлап, соның ашу-ызасын тудырмаудың қамын жейдi. Ал жалғыз адамның алдында ғана жауапкершiлiк арқалайтын жүйеде қанша жерден жаңа министрлiк

15 қаңтар 2013
Роза Бағланова: Мен қазақтың жiгiттерiне ғашық болдым...

Ән мен сұлулық бәйгесiнiң тәжiн қатар киген Алаштың ай маңдайлы аруы, әлемдегi ең әдемi әйелдердiң бiрi, Ұлыбританияда әр жыл сайын өтетiн “Әлемнiң әйгiлi әйелдерi” атағын жеңiп алған мега-жұлдыз, қазақ ханымы Роза Бағланованың өмiрден озғанына да екi жыл болды. Бұл сұхбат 1992 жылы Роза Тәжiбайқызының 70 жылдық мерейтойына орай “Қазақ теледидары” мен “Оcтанкино” арналарынан көрсетiлуге тиiстi бағдарламалардың аясында арнайы дайындалған едi.

15 қаңтар 2013
Ғабит Нұрәдiл, Қазақстан омарташылары ұлттық одағының атқарушы директоры: Алла да адамдарға “ара бақ” деген

Кеңес өкiметi кезiнде Қазақстан одақ елдерi бойынша омарташылықтан алдыңғы қатарда едi. Колхоз, совхоздарда омарташылар дайындайтын курстар оқытылатын. Украина бал арасы өнеркәсiбi ғылыми зерттеу институтын сақтап қалды. Ал Қазақстан үкiметi табысты шаруашылықтың бұл түрiн қожыратып жiбердi.

9 қаңтар 2013
Ұлу жылында опат болған шекарашылар жылан жылында жерлендi...
Қаңтардың 3-i күнi ҰҚК-нiң Алматыдағы шекара қызметi академиясында полковник Тұрғанбек Стамбеков пен оның жұбайы Сәуле Стамбекованы жерлеу рәсiмi өттi. Қаралы жиынға марқұмдардың туыстары, ҰҚК-нiң бұрын­ғы-қазiргi басшылары, депутаттар, қоғам қайраткер­лерi, шекарашылар және қарапайым азаматтар қатысты.
21 желтоқсан 2012
“Оқты тоспа! Оқ қайтпас бiр атқан соң”
Ақтөбе облыстық тарихи ескерткiштердi қорғау инспекциясының бастығы Бекарыстан Мырзабаймен сұхбат
– Соңғы кездерi “Жас Алаш” басылымы ХIХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлерiнiң тұлғалық бейнесiн қалыптастыру, тарихи астарлы ақиқатты ашуға   тарихшылармен зерттеушiлердi көзi тiрi куәгерлердi қатыстыру арқылы елдi жұмылдырған үлкен iс бастады. Бұл өте құптарлық.
21 желтоқсан 2012

Бүгiн, желтоқсанның 21-i күнi ADAM reader’s апталығы жарық көруге тиiс болатын. Алайда түрлi себептi сылтау еткен баспахана оны басудан бас тартты. Бұл аздай, Ақпарат және мәдениет министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi күтпеген жерден журналдың лицензиясының күшiн жойды. Гүлжан Ерғалиева мұны Ақорданың ақпарат құралдарын тұқыртып, жаппай құрту үшiн жасаған әрекетi деп есептейдi.

13 желтоқсан 2012
Мен әрдайым халықпен бiргемiн
– Желтоқсан көтерлiсi – қазақ халқының сан ғасырлар бойындағы шешушi бас көтерулерiнiң бiрi. Бұл – қазақ ұлтының ынты-шынтысымен келген, арманымен келген күрес. Ол көтерiлiс халыққа, жастарға үлкен серпiлiс бердi. Өнеге бердi. Қазақ жастары, жалпы қоғам жаңаша ойлай бастады. Жаңа толқын келдi. 16-17 желтоқсан күндерi қоғамдық шараларға мiндеттi түрде қатысамын. Алаңға да барамын, “Балуан Шолақтағы” шараға да қатысамын. Мен әрдайым халықпен бiргемiн!
11 желтоқсан 2012
Сiз 17 желтоқсандағы еске алу шарасына қатысасыз ба?

– Әрине, мiндеттi түрде барып қатысамын. Бұл еске алу шарасына қатысу әрбiрiмiздiң парызымыз саналады. Былтыр­ғы желтоқсанның он алтысы қазақ тарихында өшпес iз қалдырды. Бұл күндi ескермеу, елең қылмау кез келген қазақстандық азаматқа ауыр сын деп ойлаймын. Жазықсыз қырыл­ған қанды оқиғаның құрбандарын еске алу келешекте мұндай оқиғаның қайталанбауына аз да болса септiгiн тигiзедi.

15 қараша 2012
Серiк СӘРСЕНОВ: Бұл мемлекетте әдiлеттi сот үкiмiн күтудiң қажетi жоқ
Бұрнағы күнi Талдықорған қаласының әскери гарнизон сотында он төрт шекарашы мен бiр қорықшыны өлтiрдi деп айыпталған Владислав Челахтың iсiне қатысты алдын ала сот отырысы өттi. 19 қараша күнi басталатын негiзi соттың өзi де Талдықор­ғанда өтпек. Челахтың адвокаты Серiк Сәрсеновтiң “сот Алматыда өтуi тиiс” деген уәжi жайына қалды. Бұл аздай, судья Ахметжанов қорғау­шының екi бiрдей өтiнiшiн “негiзгi сот процесi кезiнде қарастырамыз” деп кейiнге ысырыпты.
15 қараша 2012
Нұрлан Тасболатұлы, Таусүгiр ауылының тұрғыны: Махмахановтар кек қайтаруға кiрiстi
2007 жылдың наурызында Алматы облысының Маловодное ауылында қазақтар мен шешендер арасында қақтығыс болды. Бұл қақтығыста бес адам өлiп, бiрнешеуi жараланды. Бес жылда жағдай тұрақтанғандай болған. Алайда кек қуғандар жергiлiктi халықтың жүйкесiне тағы да ши жүгiрте бастады. “2007 жылдың 17 наурызында Маловодное ауылындағы “Ботагөз” бильярд клубында үш қазақ жiгiтi ұлты шешен Мұхамад Махмахановты соққыға жыққан
13 қараша 2012
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» компаниясының бас директоры Алик Айдарбаев: Қолымнан келмейтiн iске уәде бермеймiн

Бүгiнде әлемнiң төрт көзi Жаңаөзенге тiгiлген шақ. Ол жердегi басшының да, мұнайшының да әр қадамы қоғам бақылауына iлiнген. «Жас Алаштың» назары әрдайым осы жақта. Бұл жолы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» акционерлiк қоғамының бас директоры Алик АЙДАРБАЕВТЫ ашық әңгiмеге шақырдық. Бас тартқан жоқ. Керiсiнше, «жасыратын ештеңем жоқ, бәлкiм, өндiрiстi бiрге аралармыз» деген ұсыныс бiлдiрдi.

6 қараша 2012
Б.Бегдесенов: Кiнәсiздiгiмдi толық дәлелдеген соң Қазақстанға көшемiн

Түрiкменстандағы қазақ белсендiсi Бисенғұл Бегдесенов Қазақстанға келдi. Бұған дейiн түрiкмен билiгi оны бiрнеше мәрте елден шығармай қойған-ды. Былтырғы жылы мамырда түрiкмен соты Бегдесеновтi тоғыз жыл шартты жазаға кескен болатын. Президент жарлығымен қазақ белсендiсi рақымшылыққа iлiнген.

25 қазан 2012
Жаңаөзеннiң жағдайы жақсаруға тиiс

Өткен жылғы Жаңаөзендегi қанды қырғын қазақ хал­қының қабырғасын қайыстырып кеткенi мәлiм. Сол қаралы күндерден берi қарай, бұл оқиғаны жан-жақты тексерiп, Жаңаөзенге байланысты барлық соттарға қатысып, егжей-тегжейлi жазып келемiз. Мүмкiндiгiмiз келгенше қазалы болғандарға көңiлiмiздi бiлдiрдiк, жаралы болғандарға жәрдемдестiк, жалалы болғандарға араша түстiк. Жаңаөзеннiң жарасы жазылуына атсалыстық.

16 қазан 2012
Мектеп директорын таңдау және сайлау – халыққа жүктелсе…

Бiлiм беру саласына қатысты проблемалар осыған дейiн де сан рет жазылып, айтылды. Мектептерде ақша жинау, сапасыз бiлiм беру, мұғалiмдердiң бiлiксiздiгi, оқушылардың тәртiбi туралы проблемалар осы күнге дейiн басы ашық күйде қалып отыр. Бiлiм сапасыздығын ескi оқулықтармен байланыстырған министр Бақытжан Жұмағұлов оқулықтарды жаңалап, мәселенiң түйiнiн шешердей сыңай танытқаны бар.

11 қазан 2012
Қолдан жау жасау бүгiнгi билiкке түк емес

Дүйсенбi, қазанның 8-i күнi Жаңаөзендегi тәртiпсiздiктердi ұйымдастырды деген айыппен оппозиционер, тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi Владимир Козлов пен қоғам белсендiсi Серiк Сапарғали, кәсiподақ басшысы Ақжанат Әминовке қатысты сот үкiмi шыққаны мәлiм. Оларға елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру мақсатында 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында болған жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастырған деген айып тағылды.

беттер:«5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25»