1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
3 қазан 2013
Қабдеш Жұмадiлов, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты: “Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?!”
– Ықылассыз өткiзiп жатқан, онда да “птичка” үшiн өткiзiлiп жат­қан тойға баруға еш зауқым жоқ. Бiрiншiден, бұл той өте кешiктiрiлiп өткiзiлiп жатыр. Абылай хан 1711 жылы туған. Ресми түрде бекiтiл­генi де осы – 1711 жыл. Энциклопедияда да солай. Жарайды, тойды 2011 жылы емес, биыл өткiзетiн-ақ болсын. Бiрақ, ол неге жетiм қыздың тойындай елеусiз, ықылассыз, облыс орталығында өткiзiлуi керек?!
1 қазан 2013

Қоғамда белең алған қудалау, қысым жасау, соттау науқанына билiктегiлер белсене кiрiстi. Бұған дейiн де тәуелсiз ақпарат таратушы басылымдар мен интернет-сайттарды сотқа сүйреп, сынықтан сылтау тауып бiразын жапты да. “Guljan.org” сайты мен “Адам” журналын, “Республика” газеттерiн саяси қысымға алғандар ақпарат құралдарын халыққа жеткiзбеудiң барлық қитұрқы әрекеттерiн iске қосты.

26 қыркүйек 2013
Саясатпен қоштаса алмайсың

Саясаткер Болат Әбiлевтiң өзiне қатысты шешiмi қалың қауымды бейжай қалдырмады. «Мұнысы қалай?» дейтiн сұрақтарға тұщымды жауап керек. Газетiмiздiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай Болат Мұқышұлымен кездесiп, мән-жайды толық ашуға септесетiн сауалдар қойған едi. Екеуара әңгiме төмендегiдей болып шықты.

26 қыркүйек 2013
ОНЫ ҚАНДАЙ КҮШТЕР ТОЛТЫРМАҚ?
“Азат” партиясының жетекшiсi Болат Әбiлевтiң мәлiмдемесi Қазақстандағы оппозицияның болашағы туралы әңгiмеге жол ашты. 2000 жылдардан берi талай қилы кезеңдердi бастан өткерген демократиялық күштер үшiн соңғы бiрнеше жыл ауырға соқты. Оппозицияның радикалды бөлiгi болып есептелген тiр­келмеген “Алға” партиясы қудалауға ұшырап, жетек­шiсi Владимир Козлов түрмеден бiр-ақ шықты.
12 қыркүйек 2013
Халық жүрегiндегi перзент

12 қыркүйек – Алтынбектiң дүниеге келген күнi. Оны жыл сайын атап өту дәстүрi қалыптасты. Қыранынан қапыда айырылған халықтың қолынан келер дәрменi жоқ. Перзентiн сағынады, еске алады, күрсiнедi. Қалың қауымның Алтынбек рухымен сырласар сәтiнде оның сөйлеген сөздерiмен, жазғандарымен қауыштырып қойғанды жөн көрдiк.

10 қыркүйек 2013
Толғанай Үмбетәлиева: “Президент кетедi екен” деген әңгiме халықты алдарқатты

 “Елде Жаңаөзен синдромы әлi де бар болғанымен, ол 2011 жылғыдай емес. Халықтың революциялық көңiл күйi басылып қалған. Жұртта “жақында президент кетедi, бәрi өзгередi” дегендей көңiл күй басым. Әсiресе, “президент сырқат көрiнедi, әне‑мiне кетедi” деген әңгiме елдi тыныштандырып, жұбатты” дейдi саясаттанушы, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА.

5 қыркүйек 2013
Гүлзия Пiрәлi, филология ғылымдарының докторы, профессор: Парықсыздық жүрген жерде плагиаттық та қоса жүредi

– Иә, қазiргi күнi қазақтың баласын әлемнiң қай түкпiрiнен де көре аласыз. Кеңестiк кезеңде өңiмiз түгiлi түсiмiзде көрмейтiн АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапонияның және тағы да басқа елдердiң ең әйгiлi жоғары оқу орындарында бiлiм алып жүрген қаракөз балаларды көргенде көкiрегiңдi мақтаныш сезiмi кернеп, төбең көкке жеткендей болады.

27 тамыз 2013
Еркiн Рақышев, кинорежиссер: Ұлтты бiрiктiру үшiн ең алдымен ұлттың зиялылары өздерi бiрiгуi керек

– Кеңес өкiметi өзiнiң қазақ хал­қына жасаған жауыздық iс-әрекетiн жасыру үшiн көптеген құжаттарды жойып жiберген. Онысымен қоймай, халықты шатастыру үшiн түрлi қауесет таратқан. Өздерiнiң зымиян саясатын жасыру үшiн “Ашаршылық ауыл шаруашылығын дұрыс ұйымдас­тырудан кеткен қателiктен болды” дейдi. Соған сенiп, бiздiң тарихшы-ғалымдарымыз да адасып жүр.

27 тамыз 2013
Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемiсова: “Басшылар маған қысым жасады”
СУТЯГИНСКИЙДIҢ ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ IСI СУДЬЯНЫ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛДЫРУЫ МҮМКIН
Кәсiпкер А.Сутягинскийдiң қылмыстық iсi қоғамды дүрлiк­тiрiп жатқанына бiраз болды. “Сутягинский өзiнiң бизнестегi әрiптесi Гаркушкиндi жаналғыш жалдап, өлтiрткiзбек болды” деген ақпар талай басылымға әлi күнге дейiн “азық” болып жүр. Биылғы жылдың 12 тамызында Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемiсова
22 тамыз 2013

Арқалыққа барған сапарымызда, қаланың кешегiсi мен бүгiнгiсiн көзден өткерген адамдардың бiрi Жұмағали Өмiрбек ағамызға жолығып, аз-кем әңгiмелесiп едiк. Жұмекең жай ғана көптiң бiрi емес, осы Торғай өңiрiнiң рухани тiрлiгi мен мәдениетiне бiр кiсiдей араласқан адам.

14 тамыз 2013
Есенғали РАУШАНОВ: “Қолдан келсе жазбағанға не жетсiн!”

“Жас Алаштың“ тұрақты авторы, көрнектi ақын Есенғали Раушановпен орайы келген бұл сұхбатты жариялай отырып, автордың пiкiрле­рiмен келiсу немесе келiспеу әр оқырманның өз еркiндегi мәселе екенiн естерiңiзге саламыз. Қайткенде де ақынның ойлары сiздi бейжай қалдырмасы анық.

20 маусым 2013
Бүгiнгi ұрпақ тәуелсiздiкке алаңдамайды
ОЛАРДЫҢ ОЙ-ТҮСIНIГI, ТӘЛIМ-ТӘРБИЕСI БАСҚА. ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР ОСЫНЫҢ САЛДАРЫНАН ҚАУIПТЕНЕДI
“Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық бiрлестiгi құрылтай жиналысын өткiзiп, бiр ауыздан Жақсылық Тусайұлы Жексем­баевты ұйым төрағалығына сайлады. Ұйымның жаңа басшысымен аз-кем сұхбаттасудың сәтi түсiп, соны оқырман назарына ұсынудыжөн көрдiк.
20 маусым 2013
“Балық аулай алмаған суды лайлайды”
КӨЛДI АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮКIМЕТ БАСШЫСЫ С.АХМЕТОВТЕН ӘЛI ҮМIТ КҮТIП ЖҮР
Газетiмiздiң бұрнағы күнгi нөмiрлерiнiң бiрiнде (“Балықтың бiздер қалашын сорып өскенбiз...”, №35-36, 7 мамыр) Алматы облысының Еңбекшiқазақ ауданына қарасты Көлдi ауылының тұрғындарының хаты жарияланды.
6 маусым 2013
Елена КОСТЮЧЕНКО: Жаңаөзенде құрбан болғандар саны ресми есептен көп

Биылғы жылғы “Азаттық” сыйлығының иегерi, “Новая газета” басылымының тiлшiсi Елена Костюченко – Жаңаөзен оқиғасынан кейiн төтенше жағдай жарияланған қалаға кiрiп, ақпараттық құрсауды бұза алған алғашқы журналист. Бастапқыда қазақ билiгi “жаппай тәртiпсiздiктi iшiмдiкке сылқия тойып алған жастар жасады” деген мәлiмдеме жасаса

21 мамыр 2013
Мұнайшыларды ереуiлдеуге мәжбүрлеген билiктiң өзi

2011 жылғы мамырда басталған жаңаөзендiк мұнайшылар арасындағы наразылықтың тамыры тереңдеп, оның ақыры ереуiлге ұласқан едi. Мұнайшылардың талабы жалақыларын көбейту, жұмыс iстеуге жағдай жасау болды. Алайда мұнай компаниясының басшылары бұл әлеуметтiк талаптарға назар аудару былай тұрсын, ереуiлдегендердi топ-тобымен жұмыстан шығаруға кiрiстi.

беттер:«3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23»