1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16046) 27 тамыз, бейсенбі 2015
27 тамыз 2015
«Сын айтылды, кем-кетiгiмiздi түзеймiз»

«Қала маңындағы тасымал» акционерлiк қоғамы газет сынына жедел түрде жауап қайтарды

“Жас Алаштың” 4 тамыз күнгi 61-санында “Темiр жолда неге тәртiп жоқ?” деген тақырыппен сын мақала жарияланды. Онда Астана – Павлодар бағытында жүретiн электр пойызының қызметiне қатысты келеңсiз жайлар – екi вагонға бiр ғана жолсерiк қызмет жасағандықтан, халықтың пойызға мiнiп үлгере алмайтындығы, Екiбастұз темiр жол стансасына жолаушылар билетiнiң аз бөлiнетiнi, кей уақыттарда электр пойызының отыруға кеш берiлетiнi сөз болған едi. Тамыздың 17-сi күнi түстен кейiн “Қала маңы тасымалы” АҚ-тың бас инженерi Сергей Балашов тiлшiмен арнайы хабарласты.
– Сын мақалаңызды оқығасын, хабарласып отырмын. Соңынан ресми жауабын да жiберемiз. Айтылған ескертпелерiңiз өте орынды. Екi вагонға бiр жолсерiк қоятын себебiмiз, бұл – экономист мамандардың тарапынан болған ұсыныс. Қазiр өзiңiз бiлесiз, қай жерде болсын үнемдеу жүрiп жатыр. Ал жалпы екi вагонға бiр жолсерiк қою – сонау кеңес заманынан тәжiрибеде бар нәрсе. Ендi жолсерiк бiреу болғасын, вагонның төрт есiгiн бiрдей ашып қоя алмаймыз, билетсiз адамдар мiнiп кетуi мүмкiн.
Өзiңiз айтқандай, жолаушылар мiнiп болмай жатып, поездың жүрiп кетуi әрине, қауiптi. Бұл жөнiнде оларға арнайы ескерту жасалды. Ереже бойынша машинистер айнаға қарап, жолаушылардың түгелдей мiнiп болғанына көз жеткiзуi керек, сосын ғана қозғалады. Бiрақ бiр қиыны, жолаушылар вагонға кiрiп болса да, перронда топтасқан халық тарқамай тұрып алады. Бұл машиниске қиындық туғызады. Әсiресе, Астана стансасында. Осындай жағдайда бiзге темiр жол бойындағы әскерилендiрiлген күзет қызметi көмектеседi, – дейдi Сергей Владимирұлы.
– Аталмыш мақалада айтылған, 2 тамыз күнi Астана стансасында электр пойызының кеш берiлгенiн мойындаймыз, – дедi С.Балашов. – Жөндеу жұмыстарының себебiнен жолдың кей тұстары жабық болды. Жөндеу жұмыстарына байланысты, темiр жолда мұндай жағдайлар кездесiп тұрады.
Бас инженерге бiз Екiбастұз стансасына жолаушылар билетiнiң тым аз бөлiнетiнiн тағы да ескерттiк. Осыдан бiрер күн бұрын ғана өзiм Екiбастұздан Ерейментауға жету үшiн, екiншi класты вагонға билеттi Павлодар стансасынан алдым. Артық ақша төледiм. Бұл – жалғыз электр пойызына ғана емес, Екiбастұз стансасынан өтетiн барлық жолаушылар пойызына қатысты шаруа. Ашығын айтқанда, халықты ашықтан-ашық қанау. Әсiресе, дағдарыстың кезiнде азғана зейнетақыға қарап отырған қариялар үшiн оңай емес.
Таңғаласың! Он мың теңгенi дұрыс пайдаланбадың деп, кейде ауылдың әкiмдерiн жазалап жатады. Ал халықтың жүздеген мың теңгесiн заңсыз қалтаға басып отырған ҚТЖ-ға көлiк прокуратурасының тiсi батпайтын секiлдi.
– Бұл жөнiнде бiздер “Жолаушылар тасымалы” АҚ-қа мiндеттi түрде хат жолдап, анығына жетемiз. Ал жалпы айтылған сын-ескертпелерiңiз өте орынды. Бiзге тұтынушылар тарапынан осындай есертулер қашанда қажет. Себебi соған қарап, жұмыстың кем-кетiгiн түзеймiз – деп қоштасты бiзбен Балашов мырза.
Осы әңгiмеден жарым сағаттай уақыт өткесiн, “Қала маңы тасымалы” АҚ-тың президентi Баян Сұннатова ханымның өзi телефон шалды.
–Сiзбен орынбасарым сөйлескен екен, дегенмен өзiм де ауызба-ауыз тiлдескендi жөн көрдiм. Қазiр Екiбастұзға арнайы адамдарды жiберiп, жағдайды өз орнында көрiп, байқап жатырмыз.
Ендi Екiбастұзға билеттiң аз бөлiнуiне келсек, бұл түйiндi мәселе болып тұр. Мысалы, Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының әкiмдiгi де хат жазып, молырақ билет бөлудi сұрайды. Екiбастұздың да жағдайын бiлемiз. Ал Павлодардың әкiмдiгi керiсiнше, басқа стансаларға билет аз бөлiнсiн деген талап қояды. Бұл шаруаны қолға алып, тиiстi орындармен хабарласамыз. Бiрақ бұл билеттi үйiп-төгiп тастаймыз деген сөз емес. Шама келгенше көмектесемiз, – дегендi айтты Баян Сұннатқызы.
“Қала маңындағы тасымал” акционерлiк қоғамының президентi Б.Сұннатова редакцияға ресми жауап жiбердi. Онда жоғарыдағы жайттар баяндалған. Кеткен кемшiлiктерге жауапты қызметкерлерге ескерту жасалғаны, жолаушыларға қызмет көрсетудi жақсарту шаралары белгiленгенi айтылған. Көпшiлiк талабын орындауға ықыласты ниет таныт­қан темiржолшыларға сәттiлiк тiлеймiз.
Сайлау БАЙБОСЫН,
Екiбастұз қаласы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар