1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 мамыр 2017
ҚАЙТПАС ҚАЙСАР «ҚАЙРАТ»

Қазақстан премьер-лигасы
12-тур. 14 мамыр

«Оқжетпес» – «Қайрат» – 2:3 (Струков, 29, 68 – Аршавин, 74, Исаель, 75, Тұрысбек, 79)
«Шахтер» – «Ақжайық» – 1:0 (Тәттібаев, 82)
«Астана» – «Ертіс» – 2:0 (Муртазаев, 13, Жалмұқан, 79)
 

13 мамыр 2017
Мырзағали АЙТЖАНОВ: Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді

Бокстан Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Әлем чемпионатына 9 жолдама иеленді. Бір қарағанда жаман табыс емес. Бірақ шаршы алаң иесі Өзбекстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында топ жарды. Шынында да өзбектер бізден мықты ма? Осы сұраққа жауапты ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтижановтан естігіміз келді. Сәтін салып, Алматы әуежайында Бакуде (Әзербайжан) өтетін Ислам ойындарына жолға шыққан бас бапкермен

11 мамыр 2017
Балуандар құрлық сынына қосылды

10-14 мамыр аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Бапкерлер құрамы бұл сынға мына балуандарды қосатын болды: Грек-рим күресі: Мейрамбек Айнағұлов (59 келі), Алмат Кебісбаев (66), Әбунасыр Өмірзақ (71), Мақсат Ережепов (75), Даниял Гаджиев (80), Азамат Құстыбаев (85), Жасұлан Сыдықов (98), Дамир Күзембаев (130). Еркін күрес: Нұрислам Санаев (57),

11 мамыр 2017
Келіп жеттің бе, big drama show?

7 мамырдағы Сауль «Канело» Альварес – кіші Хулис Сезар Чавес кездесуі бүкіл әлем назарын аударды. Қызығы сол – жанкүйерлер бұл жекпе-жекте кім жеңетінін емес, кездесуден соң Альварестің не дейтінін асыға күтті. «Канело» жұрт сенімін ақтады: 12 раундқа созылған жекпе-жекте тынбай соққылап, тіпті раундтар арасындағы үзілістерде де тізе бүкпей, күмәнсіз жеңіске жетті. Төрешілер оның басымдығын 120-108 деген есеппен белгіледі. Кездесуден соң

11 мамыр 2017
Санчес шегінді, Катальдо серпілді

Италияда 100-ші рет өтіп жатқан «Джиро» көпкүндігінде әлі еш нәрсе анық емес. Алғашқы төрт кезеңде төрт шабандоз көшбасшының ашық қызыл түсті жейдесін киіп үлгерді. Енді жарыс құрлыққа ойысқанда нағыз мықтылар атқа қамшы басуы мүмкін. Биылғы «Джиро д’Италия» «астаналық» Микеле Скарпониге

11 мамыр 2017
Ташкентте тұғырдан түстік пе?

Өзбекстан астанасында бокстан Азия чемпионаты мәреге жетті. Бұл жолы қазақ жанкүйерлері ширек финалдан бастап тікелей эфирде тамашалағандықтан ба, жарысқа ықылас алабөтен болды. Түпкі нәтиже ешкімді қанағаттандырмағаны рас. Бірақ әрбір жаңа олимпиялық кезеңде құраманың жаңаратыны, өзгеретіні заңдылық. Ендеше, қазақ боксының жеңіскер дәстүрін жаңа буын жалғастыра ала ма – Азия біріншілігі осы сұраққа

5 мамыр 2017

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, белгілі палуан, КСРО спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері атанған Құлжабай Алтынбековтің есімі бір Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, бүкіл қазақ жеріне жақсы таныс. Ғылым мен спортты өмірінің басты мақсаты санаған Құлжекең – кеңес дәуірінің өзінде физика пәнінен жоғары оқу орындары мен мектеп оқушыларына

5 мамыр 2017
«Астана» қашықтықты сақтады

Қазақстан премьер-лигасы. 10-тур «Оқжетпес» – «Шахтер» – 0:2 (Тәттібаев, 20, 71)
«Шахтер» командасы биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізсе де, турнир кестесінің ең төменгі сатысынан көтеріле алған жоқ. Кеншілердің шабуылшысы Айдос Тәттібаев премьер-лигадағы алғашқы дублін жасады. Ал «Оқжетпестің» бас бапкері Владимир Муханов

5 мамыр 2017
Екі саусақ бүгілді

Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына 10 боксышымыз да шығып еді, жартылай финалға соның 8-і қадам басты. 49 келіде Ержан Жомарт Рио олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматовпен (Өзбекстан) кездесті. Хасанбай біздің боксшыға еш мүмкіндік берген жоқ. Ал Әділет Құрметов (60 келі) Рио олимпиадасының қола жүлдегері Отгондалай Доржнямбуумен (Моңғолия) ашық жекпе-жек

5 мамыр 2017
Скарпонидың орны толмайды

Бүгін Италияда әйгілі «Джиро» велокөпкүндігі басталады. Жүзінші рет өтетін додаға әлемдік турдағы 18 команда және арнайы шақыртумен төрт кәсіпқой құрлықтық команда қатыспақ. Бұл жолғы аламан Италияның барлық аумағын қамтиды. Бүгін шайтанарбашылар Сардиния аралындағы Альгеро қаласында сөреге тізіліп,

3 мамыр 2017

Қазақстан премьер-лигасына жасындай жарқылдап, асау өзендей арқырап келген жергілікті «Қайсар» алғашқы үш ойынын жеңіспен бастап, жанкүйерлердің «өшкені жанып, өлгені тірілгендей» болған еді. «Әне, біздің «Қайсар», біздің дала қасқырлары қызылсырап келген екен, енді бекем болыңдар» деп едік-ау. Ал содан соң үш тең ойын, үш жеңілісті араластырып

3 мамыр 2017
«Интер» олжаны жұлып әкетті

Алматыда футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі аяқталды. «Алматы Аренада» футзалдың құрлықтағы басты жүлдесін сарапқа салу құқығына өзіміздің «Қайрат», «Спортинг» (Лиссабон, Португалия), «Газпром-Югра» (Югор, Ресей) және «Интер-Мовистар» (Испания) командалары қол жеткізген-ді. Осы төрттіктің ішінде «Спортингтің» ғана атағы

3 мамыр 2017
Ташкентте сапымыз түзу

Бұл күндері Өзбекстан астанасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бапкерлер құрамы бұл жолы Қазақстан құрамасын толық дерлік жаңартып апарды. Отандастарымыз әзірше өте жақсы нәтижемен қуантып келе жатыр.
1/16 финал
64 келі. Бекдәулет Ибрагимов – Хир Акязлан (Малайзия) – 5:0
1/8 финал
49 келі. Ержан Жомарт – Лин Хюн Та (Тайпей) – 5:0
52 келі. Азамат Исақұлов – Танес Оңжут (Таиланд) – 4:1
56 келі. Қайрат Ералиев – Марио Баутиста (Филиппин) – 5:0

27 сәуір 2017
Альберт Линдер – Азия чемпионы

Талдықорғандық зілтемірші Альберт Линдер Азия чемпионы атанды. Ашгабатта (Түрікменстан) өтіп жатқан құрлық додасында ол 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені бірден алтыннан салды.
Жұлқи көтеру бағдарламасында Альберт 148 келіні еңсеріп, кіші күміс жүлдеге қол жеткізген-ді. Негізгі қарсыласы Фең Лю Доң (Қытай) 155 келімен отандасымыздан 7 ұпай

25 сәуір 2017
Қош, Микеле, жайсаң жан!

22 сәуір күні «Астана» велокомандасының шабандозы Микеле Скарпони өмірден өтті. Мамыр айында басталатын кезекті «Джиро д’Италия» көпкүндігінде ол «Астананың» капитаны болуға тиіс еді. Жақында ғана «Альпі турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетіп, Микеле «Джироға» жақсы дайындалып жүргенін аңғартқан-ды. 21 сәуір күні ол «Альпі турын» аяқтап, Италиядағы өз үйіне, Филоттрано қалашығына оралды. Ертеңіне жаттығуға шыққан кезде бұрылыстардың бірінде автофургон қағып

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»