1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (15821) 2 шілде, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
2 шілде 2013
Спорт ақпарат

НЕМIС ЖЕРIНДЕГI ЖЕҢIС

Германияда еркiн күрестен гран-при турнирi өттi. Осы сында ел намысын қорғаған балуандарымыз мол табыспен оралды. Әсiресе, 66 келiде күресiп, Лондон олимпиадасының қола жүлдесiн иеленген Ақжүрек Таңатаровтың 74 келiге ауысқаннан кейiнгi жетiстiгi мақтануға тұрарлық. Таңатаров Дортмунд қаласында өткен турнирдiң финалдық сынында немiс балуанын жықса, осы салмақтың қола жүлдесiн жерлестерiмiз Нұрлан Бекжанов пен Жiгер Зәкiров иелендi.
120 келiде үш бiрдей балуанымыз жүлделi болды. Финалдық белдесуде Дәулет Шабанбай мажарлық қарсыласын қапы қалдырса, қола жүлденi Дмитрий Попов пен Асхат Күсепов олжалады.
Ермек ЖЕКСЕНБАЙ 
 
БАУДАЙ ТҮСIРДI
Геннадий Головкин өзiнiң кәсiпқой бокс­тағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атағын биылғы жылдың өзiнде үшiншi рет қорғап қалды.
АҚШ-та өткен жекпе-жекте Головкиннiң атағына жармасқан британдық Мэтью Маклин 12 раундтық төбелестiң екi раундына ғана шыдас бердi. Салған жерден адуынды көрiнген ағылшын боксшысының аптығын жерлесiмiз 3-раундтың басында-ақ басты. Басын қорғаштап бүгежектеген қарсыласының бауыр тұсынан көстите соғып қалып едi, кескен теректей сұлады. Рингтегi төрешi он саусағын жазғанша орнынан тұру былай тұрсын, басын көтере алған жоқ.
Головкин жыл басынан берi үшiншi кездесуiн, ал кәсiпқой боксқа келгелi 27-шi жекпе-жегiн жеңiспен аяқтап отыр.
 
ӘСКЕРИЛЕРДIҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Кеше Астанадағы “Дәулет” спорт кеше­нiнде әскерилер арасында дзюдо күресi­нен әлем чемпионаты басталды. 5 шiлде күнi аяқталатын әлем бiрiншiлiгiне 30 елдiң әскерилерi қатысуға өтiнiш бiлдiрiптi. Бү­кiл­әлемдiк әскери спорт кеңесiнiң қолдауымен жүзеге ас­қан чемпионатта 300-ге жуық балуан жүл­де үшiн күреседi.
Елiмiздiң абыро­йын арқалап, татамиге қыздар арасында Алина Тен, Зәмзәгүл Файзолланова шықса, ерлердiң ортасында Мейiрлан Бай­маханбетов, Елдос Жұмақанов сынды белдi балуандар қор­ғайды.
Ұйымдастырушылар әскерилердiң әл­ем чемпионаты бұ­ған дейiн ТМД ел­дерiнде өткiзiл­ме­генiн айтады.
 
ТОЛАЙЫМ ТАБЫС
Қазақстандық теннисшi Андрей Голубев немiстiң Марбур қаласында өткен халықаралық турнирдiң жеңiмпазы атанды. Iрiктеуден iркiлмеген Голубев финалда аргентиналық Диего Себастьян Шварцманды ұтты. Бiр сағатқа созылған сайыста тiзе бүккен Шварцман   әлемдiк рейтингте Андрейден жоғары тұр.
 
МЫҚТЫНЫ КҮШТI ТОҚТАТТЫ
Футболдан конфедерация кубогының жеңiмпазы анықталды. Бразилияда өткен футбол бәсекесiнде Бразилия ұлттық құрамасының асығы алшысынан түстi. Финалдық сында олар соңғы әлем чемпонатының, екi дүркiн Еуропа чемпионатының жеңiмпазы атанған Испания ұлттық құрамасын 3:0 есебiмен ұтты.
Испания ұлттық құрамасы 185 жылдан берi iрi есеппен жеңiлiп көрмептi.
Конфедерация кубогының қола жүлдесi Италия футболшыларына бұйырды.
Беттi дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар