1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15820) 27 маусым, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 маусым 2013
Спорт ақпарат

ЕКI ДҮРКIН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ

Немiстiң әйгiлi велошабандозы Ян Ульрихтiң 2000 жылы Сидней олимпидасында жеңiп алған алтын жүлдесi басына бәле боп жабысты.
Әзiрге Янның допинг пайдаланғаны нақтыланған жоқ. Бiрақ лап ете қалған дау әлемге тарап үлгердi. Германия ұлттық олимпиадалық комитетiнiң басшысы Томас Бах ақпараттың анық-қанығы алдағы уақытта белгiлi болатынын айтты.
Спорттық арбитрлiк сот (CAS) былтыр ақпан айында Ульрихтi жарыстан шеттеткен болатын, допинг қолданды деген желеумен. Ендi халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) Янның қолдануға қатаң тыйым салынған дәрi-дәрмектi пайдаланғанын растаса, онда оның Сиднейде жеңiп алған алтын медалi жерлесiмiз Александр Винокуровқа табыс етiледi.
 
 
АТАҒЫҢА ЖАРМАСҚАН ҚАНДАЙ ЖАМАН
Осы жексенбiде кәсiпқой бокстан әлем чемпионы жерлесiмiз Геннадий Головкин өзiнiң атағын қорғамақ. Бұл жолы британдық Мэтью Маклинге қарсы тұрады. Маклин кәсiпқой бокста 29 жекпе-жек өткiзiп, 4 рет жеңiлген. Головкин 26 жекпе-жегiн жеңiспен аяқтаған.
Маклин чемпиондық атаққа екi жыл бұрын бiр қызығып қойған. Ол кезде әйгiлi Феликс Штурмнан ұтылып қалды, артынша Серхио Мартинсеке қарсы айқасып, 11-раундта техникалық нокаутпен ұтылған болатын. Бұл жолы жерлесiмiздiң атағына көзi түсiп отыр.
 
 
ХОККЕЙ КЛУБЫ ИНВЕСТОР IЗДЕЙДI
Алматылық “Еңбек” хоккей клубы аукцион арқылы саудаға түсуi мүмкiн. Бұл туралы клубтың президентi Сергей Шавернев баспасөз конференцияда мәлiм еттi. Айта кетейiк, хоккейшiлер клубы корпоративтi қоғамдық қор саналады, мемлекеттiк немесе қалалық бюджеттен қаржыландырылмайды. Үлкен көлемдегi несие алу мақсатында қоғамдық қордың құрылтайшыларының бiрi В.Бузунов банкке кепiлдiкке қоғамдық қор мүлiктерiн қойған. Клубтың қаржылық қиындықтары да осы кезден басталған. “Халық банкiне” қор мүлiктерiн кепiлдiкке қойған В.Бузуновтың астық тасымалымен айналысатын “Комс-Трейд” жеке компаниясы банкротқа ұшырап, ендiгi жерде хоккейшiлердiң кепiлдiкте тұрған мүлiктерi аукцион арқылы сатылымға түспек екен. Банк iрi көлемдегi несиенi қоғамдық қордың үшiншi тарапына нендей мақсатта бергенi белгiсiз. Сондай-ақ хоккейшiлердi сарсаңға салған сот процестерiнде де бұл сұрақтың жауабы берiлмей отыр.
“Еңбек” хоккей клубы өз iргетасын 1999 жылы қалап, он жыл көлемiнде шеберлер командасын шыңдаумен айналысқан. Алматы қаласының атынан талай рет қазақстандық чемпионат­тар­ға қатысып, жүлделi орындарды иемденген. Қазiр бiзде жасөспiрiмдердiң төрт футбол командасы, екi қол күресiнiң секциясы, гимнастика залы мен хоккей секция­лары бар. Соған қарамастан хоккей клубы “әлдекiмдердiң” көзi түскен майшелпекке айналғалы тұр. Есiл еңбекпен құрастырған хоккей клубын жемқорлардың аранына оп-оңай тастағымыз келмейдi. Сондықтан қазiр клубты қарыздан құтқарып қалатын мықты инвестор iздестiрудемiз. Қаржылай проблемалардан құтқарып, қазақстандық хоккей клубын сақтап қалуға қолын созатын азаматтар болса хабарласуын өтiнемiз”,–дедi клубтың президентi, хоккейден Қазақстан бойынша бiрiншi мемлекеттiк жаттықтырушы Сергей Шавернев.
 
ЕКI ДҮРКIН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ
Немiстiң әйгiлi велошабандозы Ян Ульрихтiң 2000 жылы Сидней олимпидасында жеңiп алған алтын жүлдесi басына бәле боп жабысты.
Әзiрге Янның допинг пайдаланғаны нақтыланған жоқ. Бiрақ лап ете қалған дау әлемге тарап үлгердi. Германия ұлттық олимпиадалық комитетiнiң басшысы Томас Бах ақпараттың анық-қанығы алдағы уақытта белгiлi болатынын айтты.
Спорттық арбитрлiк сот (CAS) былтыр ақпан айында Ульрихтi жарыстан шеттеткен болатын, допинг қолданды деген желеумен. Ендi халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) Янның қолдануға қатаң тыйым салынған дәрi-дәрмектi пайдаланғанын растаса, онда оның Сиднейде жеңiп алған алтын медалi жерлесiмiз Александр Винокуровқа табыс етiледi.
 
 
КӨШ БАСТАДЫ
Алматылық “Қайрат” футзал клубы қазақ футболының тарихында тұңғыш рет УЕФА кубогын ұтып алып, тарихта қалғаны белгiлi. Жуырда УЕФА-ның рейтингi жарияланды. Тiзiмде биылғы сайыстың жартылай финалында испандық “Барселонаны”, финалда ресейлiк “Динамо” клубын жеңген алматылық “Қайрат” көш бастап тұр. Екiншi сатыда – “Барселона”. Үштiктi мәскеулiк “Динамо” түйiндеген.
Рейтингте қарағандылық “Тұлпар” футзал клубы 12-сатыға орнығыпты.
 
 
РЕСМИ БЕКIДI
Мадридтiк “Реал” футбол клубының бас бапкерлiгiне Карло Анчелотти тағайындалды. “Челсидi” көгертуге кеткен Жозе Моуринью­дiң орнына Анчелотти келедi деген сыбыс рас болды. Ал Карло баптаған француздың “ПСЖ” клубы итальяндық бапкер Лоран Бланмен келiсiмшарт жасасты.
Королдiк клубтың президентi Флорентино Перес жаңа бапкерден зор жетiстiк күтетiнiн айтты. Карло “Миланды” баптап Италия чемпионатында жеңiске жеттi, екi рет УЕФА Чемпиондар лигасының жеңiмпазы атанды. Англияда қызметте жүрген шақта лондондық “Челсидi” Ұлы­британия чемпионы атандырды. Биыл Франция бiрiншiлiгiнде осы бапкер тәрбиелеген “Пари Сен-Жермен” (ПСЖ) клубы жеңiмпаз атанды.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар