1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15818) 20 маусым, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 маусым 2013
Байлығы оның – бала

Ол мектепте жүргенде өзге оқушылар былай тұрсын, қатар-құрбыларына тыныштық бермей, оқудан бiр емес, 10 мәрте қуылған. Бұлшық етiн бiлеудей өсiру үшiн қолдануға тыйым салынған 48 препаратты пайдаланып, 18 мың АҚШ доллары кө­лемiнде айыппұл төлеген. Ол өзiн әлемге әйгiлi еткен “Рокки” фильмiнiң сце­нарийiн жазғанда те­резесi жоқ бөлмеде тым сапасыз “Трэмпс” теме­кiсiн тоқтаусыз шеккен. 

Майкл Сильвестр Гардэнцио Сталлоне 1946 жылы 6 шiлдеде АҚШ-та өмiрге келген. Актер, режиссер, сценарист, продюссер. Оның мамандығы осыншама көп болса, некелi әйелдерi де бiр­нешеу. Көптеген шытырман оқиғалы фильмдерде басты рөлдердi сомдаған актер “Оскар” сыйлығын иеленген.
Оның әкесi Фрэнк Ста­л­лоне АҚШ-қа босқын ретiнде келiп, паналап қалған. Сицилиядан ауып келген әкесiнiң мамандығы – шаштараз. Актер­дiң анасы Жаклин Лебофиш вашингтондық бе­делдi адвокаттың қызы.
Сильвестр жастайынан ата-ананың алақанында өскен жоқ. Олай болатыны 15 жасқа толғанда әкесi мен анасының дәм-тұзы жараспай ажырасып кетедi. Сол кезде әкесi ендi 15 жылдан кейiн ұлының атақты актер, танымал тұлға болатынын бiлген де жоқ. Бозбала анасымен қалып, кедей-кепшiктiң баласы оқитын мектепте оқуын жалғастырады. Кейiн Швейцариядағы АҚШ коллед­жiнде, артынша елiне қайтып, Майамидегi өнер университетiн актер мамандығы бойынша бiтiре­дi. Нью-Йоркке оралып, екi телесериалға, бiрне­ше фильмге түседi. 1976 жы­лы “Рокки” фильмiнiң сценарийiн жазып, оны сатады. Сатқанда да қып-қызыл ақша емес, басқаны талап етедi. “Маған басты рөлдi берсеңдер ғана сценарийдi беремiн” деп келiсiм жасайды. Осы еңбегiмен Сталлоне әйгiлi “Оскар” сыйлығын иемдендi.
Өнерде жұлдызы жанып, еңбегi өнген актер өмiрде үш мәрте үйленген. 1974 жылы америкалық актриса Саша Закпен отау құрады. Бiрақ жараспай, ажырасып тынады. Бұл әйелiнен екi ұлы бол­ған. 1976 жылы өмiр есiгiн ашқан баласы Сэйдж әке жолын қуып актерлiк, ре­жиссерлiк қызметтiң құлағын ұстаған. Алайда 36 жасында жүрек талмасынан көз жұмған. Екiншi ұлы да аурушаң.
1985 жылы дат қызы Бригитте Нильсендi әйел­дiкке алады. Сәнгер әрi актриса әйелмен екi жыл бiрге ғұмыр кешiп, ажырасады. 
1997 жылы америкалық сәнгер Дженнифер Флавинмен шаңырақ көтередi. Өзiнен 22 жас кiшi әйелi актерге үш қыз туып берген. Сталлоне 51-ге келгенде София, 53 жасында Систин, 56 жасқа тол­ғанда Скарлет есiмдi қы­зын көрген.
“Өзiмнен 22 жас кiшi Дженнифер маған үш қыз туып беру арқылы басқаша өмiр сыйлады. Бұрын алдымен мансап, қызметте табыс деп жүрiп, отбасылық жылылықты сезiне алмаппын. Қазiр жұмыстан кейiн үйге қарай бiр күш тартады да тұрады. Кешкi асты әйелiм, үш қызыммен бiрге iшкенше асығамын”, – дейдi актер. 
Сильвестрдiң әрбiр ажырасқан оқиғасы газет-журналда сан-саққа жүгiр­ген алып-қашпа әңгiме ретiнде басылды. Теледидарда да көр-жердiң бәрi айтылды. 
Актер ұзын-ырғасы 60-қа жуық фильмге түскен.   8 фильмнiң режиссерi болса, 24 фильмнiң сценари­йiн жазып, 4 фильмнiң түсiрiлiмi кезiнде продю­серлiк еткен.
Сильвестрдiң ең алғаш­қы кинодан тапқан табысы – 200 доллар. 1970 жылы “Итальян айғыры” деген фильмдегi рөлi үшiн осыншама қаламақы алыпты. Ал ең қомақты табысы – 20 миллион доллар.
Анасы Сталлоненi бо­сан­ғанда акушерлер нә­рес­тенiң жүйкесiне дәз кел­тiрiп алып, Сильвестр­дiң тiлi содан мүкiс болып, аузының қалыбы қисайып қалыпты.
“Бiреу мен үшiн жағдай жасайды деуге болмайды, әркiм несбесi үшiн өзi талаптануы қажет. Жетiстiк­ке жетпей күрестi тоқтатпау керек. Гонг үнi естiл­мейiнше қолыңды түсiруге болмайды!” Әйгiлi актер­дiң өмiрлiк ұстанымы, ұран сөзi осындай.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар