1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (15817) 18 маусым, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 маусым 2013
Тартыспен өрбiген тур

Екi апталық үзiлiстен кейiн футболдан ел чемпионатының 15-тур ойындары өттi. Тынығып алғандiкi ме, елiмiздiң алты қаласында өзара тартысқа түскен 12 команда ойыншыларының қимылы ширақ.

Атырауда жергiлiктi команда өскемендiк “Востокты” қабылдаған. Бұл ойында атыраулықтар шабуылшы Иняцтың шебер­лiгiне қошеметпен қол соқты. 28-минутта Иняц әуелеп жеткен ала допты маңдайымен сүзiп кеп жiберiп, гол тоғытты. Өскемен­дiктер таразы басын теңес­тiремiз деп жүрiп тағы гол жiберiп алды. Бұл жолы да Иняц басымен қағып, 49-минутта еншiсiне екiншi голды жазды.
Павлодарда “Ертiс” ойыншылары оралдық “Ақжайықты” iрi есеппен жеңдi. Қаржылық дағдарыс әсерiнен қысылтаяң шақта жүрген оралдық ойыншылардың қорғанысын алдымен Юрин бұзды. Арада көп уақыт өтпей Бегалин алыстан шiрене тартып, “Ақжайық” қақпасын тағы да қақыратты. Екiншi таймда Шомконың соққысын қақпашы қайтара алмай, есеп 3:0-ге жеттi. Оралдық клуб футболшыларынан Саджо ойынның түге­сiлуiне санаулы минут қалғанда гол тоғытып, есеп айырмасын қысқартты. 
Талдықорғанда “Жетiсу” топ басында келе жатқан “Ақтөбеге” қарсы тұрды. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. Бiрақ екi команданың да шабуылдау жүйесi жанкүйерлердi желпiнттi.
Бұл турда алматылық “Қайраттың” сапына жаңадан қосыл­ған ойыншылардың екеуi – Смақов пен Көкеев алғашқы минуттан алаңға шықты. Қостанайға қонаққа барған “Қайрат” қанжығасына үш ұпай бөктерiп қайтты. Сиссейдiң 20-минутта соққан голы қанаттандырып, 24-минутта Көкеев нәтиженi есе­ледi. Екi голдан кейiн еңсесiн тiктеген қостанайлықтар жинақылық танытып, 44-минутта Тонев гол соққанда Қостанайдың стадионындағы көрермен­дердiң алаңдаған көңiлi орнына түскен едi. Бiрақ 73-минутта қорғаушылар тәртiп бұзып, бас қазы пенальти тепкiздi. Кнежевич “Тобыл” қақпашысы Бекбаевтi сан соқтырып кеттi. 78-минутта Бугаев есеп айырмасын қысқартқанымен, командасына еш қайран көрсете алмады, ойын 2:3 есебiмен аяқталды.
Мирослав Беранек баптайтын “Астана” кеншiлердiң “Шахтерiн” 1:0 нәтижесiмен ұтты. Жалғыз голды 83-минутта Ивановский тоғытты.
Бас бапкерлiкке Арно Пайперс бекiтiлген әулиеаталық клуб өз алаңында ұтылды. “Тараз” бен шымкенттiк “Ордабасы” арасындағы ойын да 0:1 есебiмен бiттi. Жалқы голды Юнузович 84-минутта соқты.
Қуаныш БАЖАҚ

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар