1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15816) 13 маусым, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 маусым 2013
Саудаға түскен сайыстың болашағы бұлыңғыр

“Қарнымның ашқанына емес, қадiрiмнiң қашқанына жылаймын” дегендей, мәселе көтерiп жазбай-ақ та қоятын шаруа едi. Пайғамбар жасына жеткен шақта ешкiммен алауыз болғым да келмейдi. Бiрақ айтпасыма тағы болмады, “сөздiң атасы өлетiн” болған соң, мақала жазуға тура келдi.

Таэквондо спортының елiмiзде, әсiресе, Алматы қаласында қандай қарқынмен дамып жатқанын 14 жылдан берi жақсы бiлемiн. Осы жылдар iшiнде спорттың осынау түрiнен өткен елiмiздегi әрбiр шараның жұқанағына дейiн есiмде.  
Былтыр қараша айының 14-i күнi Алматыдағы республикалық спорт коллед­жi­нiң ғимаратында таэквондо спорты төңiрегiнде ау­қым­ды жиын өттi. Спорт кол­лед­жiнiң директоры Амалбек Тшанов, елiмiздiң таэквондо федерациясын ұзақ жылдан берi басқарып келе жатқан Шамсат Исабеков бастап, мемлекеттiк жаттықтырушы, таэквондодан елiмiздiң ұлттық құрамасының бас бапкерi, бiр­неше таэквондо клубтарының бапкерлерi мен ата-аналар қоштаған ауқымды жиында бiрнеше мәселе күн тәр­тiбiне қойылып, елiмiзде спорттың осы түрi қаншалықты дамып жатқаны тал­қыланған-ды.
Осынау жиында таэквондодан ел бiрiншiлiгi, қала чемпионаты талапқа сай өтпейтiнi, төрешiлердiң өзi iсiне жауапсыздығы, ұйымдастырушылардың шаруаға көз жұма қарайтыны да айтылған-ды.
Соңғы жылдары елiмiзде таэквондо спортынан халықаралық, елiшiлiк жарыстар тек жасөспiрiмдер арасында ғана ұйымдастырылып келедi. Ал ересектер бәйгеге түсейiн десе, жарыс тым сирек өтедi. Соның салдарынан бiздiң құрама құрлық бiрiншiлiгiнде, әлем чем­пио­натында жоғары жетiс­тiкке қол жеткiзе алмай жүр. Спортшы бәйгеге түс­пеген соң, тот басқан қанжар се­кiлдi жасып қалмай ма? Бiздегi қазiргi жағдай дәл осындай.
Жасөспiрiмдер арасында жарыс ұйымдастыру кiмге тиiмдi? Әрине, тур­нирдi өткiзушiлерге. Се­бебi қазiр спорттық жарыстар табыс көзiне, саудаға айналып кеткен бе дейсiң. Мәселен, былтыр Алматы қаласында турнир өттi. Сонда 1000-нан аса спортшы қа­тыс­ты, әр баладан жарысқа қатысу үшiн 1500-2000 теңге көлемiнде жарна жиналды, қарапайым есепке салып көрсеңiз, бiр тур­нирдiң өзiнен-ақ қаншама қаражат қамбаға құйылады. Ұйымдастырушылар бұл ақшаға жүлдегерлердi жарылқау үшiн мақтау қағазын, әр орынға медаль алатынын айтып ақталады. Базарда медаль 100 теңге, мақтау қағазы 20 теңгеден сатылады емес пе? Қомақты қаражат жиналды екен, баланың обалына қалмауымыз керек едi. Республикалық турнир бiрнеше күнге созылып, балалар тек бiр ғана даян үстiнде тартысқа түсiп, таңғы 9-да басталған сайыс күнде түнгi 11-де аяқталды. Шаршаған жеткiншектер еденге сұлап дем басты. Ақшаны жинарда аса бел­сендi ұйымдастырушылар жарыс кезiнде балаларға ешқандай жағдай жасаған жоқ. Осыдан кейiн кейде кебiреулер турнирдiң атын жамылып, сайысты саудаға салып, пайда көрiп жүрген де шығар деп қамығасың.
Ендi осындай жарысты ересектер арасында өткiз­се, дәл мұндай қаражат жиналмайды. Неге? Өйткенi қатысушылардың саны тым аз, екiншiден, қалтасынан ақша төлеп жарысқа түсе бергендi кiм қалайды? Оның үстiне олар бала секiлдi аңғал емес қой, оң-солын таниды, мұндай сорақылыққа мойынсұна қоймайды. Содан ба, федерация үл­кен­дердiң жарысын өткiзудi онша-мұнша хош көре бермейдi. 
Келесi жылы қазақ топырағына шығыс жекпе-жегi таэквондоның дәнiн сепкен, қазақ баласын спорттың осы түрiне баулыған арда ұл Мұстафа Өзтүрiктiң туғанына 60 жыл толады. Мұстафа бұ дүниеден мезгiлсiз көш­кенде, оның атындағы тур­нирдi тұрақты түрде өткiзу мәселесi көтерiлiп, тiптi екi-үш жыл көлемiнде ұйымдас­тырылды да, соңы сұйыр­құймышақтанып, құмға сiң­ген судай болып кеттi. Ересектер арасындағы маңызды жарыстың бiрi осы Мұс­тафа атындағы турнир едi, оның да ғұмыры қысқа болғанына бiрден-бiр жауапты – елi­мiздiң таэквондо федерациясы.
Елiмiздiң таэквондо федерациясына қарата айтылар сын аз емес. Былтыр жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионаты Египет елiнде өттi. Сонда чемпионатқа баласымен бiрге барған ата-аналар ұяттан жерге кiре жаздапты. Салтанатты ашылу рәсiмiнде әр елдiң командасы бiрыңғай киiммен сап түзеп шығады ғой. Өзге елдiң спортшылары барын киiп, бақанын асынып, көпшiлiк алдынан өткенде бiздiң балақайлар ала-құла киiммен жұрт алдынан өтiптi. Халқы тым кедей, өмiрi соғыспен өрбiп келе жатқан Ауғанстанның спортшылары киiп шыққан форманың бiздiң спортшыларда жоқтығы жүрегiңдi ауыртпай ма? Ол да ештеңе емес-ау, әлем чемпионатының ашылу рәсiмiнде Қазақ елiнiң мемлекеттiк рәмiзi – көк туды Египетке ешкiм алып бармаған. Өзге мем­лекеттердiң жалауы жел­бiреп тұрғанда арасында бiздiң елдiң туы болмаған.
Былтыр қарашадағы жиналыстан берi тура жарты жыл уақыт өттi. Жиында айтылған сын, атқарылмаған шаруа, үйiп-төгiлген уәде­нiң бәрi сол күйiнде жабулы қалды. “Ересектер арасында турнир өткiземiз” дегендер де тым-тырыс. Сол жиын­да Алматы қалалық таэквондо федерациясына да зор мiндет жүктелiп, жүзеге асуы тиiс шаралар жiпке тiзгендей етiп айтылған.
Темiрдей тәртiп орнап, бiлгiр басшы тiзгiндеген федерация болғанда бүгiн­гiдей бассыздық орын алмас едi. Егер федерация президентiнен бастап бәрi  iскер болса, ұжым ұйымшылдық танытса, Мұстафа атындағы турнир тоқтап қалмас едi. Балалар арасындағы турнир бiз көр­гендегiдей шумен өтпейтiн едi.
“Бармақ басты, көз қыс­ты” болған соң ба, ел чемпионатының жеңiмпаз­дары жарыс басталмас бұрын “сәуегейлiк жолмен” анықталып, жүлдесi де бөлiнiп, таратылып кетедi бұл күн­де. Спортты саудаға, сайыс­ты шоуға айналдырып жi­берген федерацияның ат­қарып жатқан жұмысы осындай. 
Берiк ӘДИЕВ,
М.Өзтүрiк орталығы ата-аналар комитетiнiң мүшесi,
Алматы қаласы.

РЕДАКЦИЯДАН. Оқырманымыздың мақаласындағы сыни пiкiрдiң дұрыс-бұрыстығын саралап, таэквондо федерациясы жауап жолдаса, жария­лауға әзiрмiз. 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар