1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15814) 6 маусым, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
6 маусым 2013
Спорт ақпарат

ЖЕҢIЛДIК ДЕП АЙТУ ҚАНДАЙ ҚИЫН

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тағы да жеңiлдi. Алматының “Орталық стадионында” Болгария ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiз­ген футболшылар 1:2 нәти­жесiмен есесiн тағы да жi­бердi. Айналасы 3 минут iшiнде әдеттегiдей екi гол соғып кеттi қонақтар.
Ойынын кейiнгi баспасөз мәслихатында футболшыларымыздың бас бапкерi Мирослав Беранек “әләуләйiне” басып, тағы да ақталды. “Мына ойыншы – шабан, ана ойыншы – жалтақ, мына қорғаушы – қорқақ, шабуылшы қауқарсыз” деп “әр баласының” ойын жүйесiне талдау жасаған жоқ. Ол аздай бiзге осындай азулы құрамалармен жолдастық кездесу өткiзген тиiмдi, тәжiрибе жинаймыз дейдi. Беранек елiмiздiң ұлттық құрамасын тiзгiндегелi екi жарым жылдың жүзi болды. Осы күнге дейiн ұлттық құрама былтыр Польша мен Украинда өткен Еуропа чемпионатының iрiк­теу турына қатысты, тулақтай иеленiп, көш соңында қалды. Келесi жылы өтетiн әлем чемпионатының iрiктеу ойындарында да шекемiз қызбай тұр. Әзiрге 1 ұпаймен халқы 50 мыңға жетер-жетпес Фарер аралы ұлттық құрамасының ғана алдында келемiз. Мiне, бiз жинаған тәжiрибе!
 
АРҚАҒА АУДЫ
Оралдық “Ақжайық” футбол клубының шабуылшысы Игорь Зенькович ендi кеншiлердiң “Шахтер” клубында ойнайтын болды. Қаржы қолбайлау болған “Ақжайықтан” арқаға ауған Зенькович биылғы бiрiншiлiкте мергендер көшiнiң алдында келедi.
Сұрмерген ендi кеншiлердiң клубы сапында бiр жарым жыл ойнауға келiсiмшарт жасасты.
Қарағандылық клуб санаулы күннен кейiн УЕФА чемпион­дар лигасының iрiктеу туры аясындағы ойындарын бастайды.
 
ДОПИНГ – ДҰШПАН
Биыл өткен Джиро д’Италия көпкүндiгiнiң 14-кезеңiнде жеңiске жеткен велошабандоз Мауро Сантамброджио атағынан айырылуы мүмкiн. Себебi допингтiк тексеру кезiнде спортшының қанынан эритропоэтин препараты табылыпты.
Халықаралық антидопингтiк агенттiктiң (WADA) мәлiметi нақтыланса,   велошабандоздың жеңiсi 14-кезеңде мәреге Муромен құйысқандаса екiншi жеткен   “Астана” клубының спортшысы Винченцо Нибалиге берiледi.
 
ҚАҚ ЖАРЫЛАДЫ
30 маусым мен 9 шiлде аралығында Иордания астанасы Амман қаласында бокс­тан Азия чемпионаты өтедi. Бұл сынға Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құраманың негiзгi боксшылары түгел бармауы мүмкiн. Өйткенi құрлық чемпионатымен қабаттасып, Қазанда (Ресей) дүниежүзiлiк универсиада өтедi. Демек, нөмiрi бiрiншi боксшылар екiге бөлiнедi. Бас бапкер кiмнiң қай жарысқа баратынын әлi тiзiмдемептi.
Елiмiз тәуелсiздiк алған жылдардан берi боксшылармыз 1994 жылы Иранда, 1995 жылы Өзбекстанда, 2004 жылы Филиппинде, 2007 жылы Моңғолияда өткен құрлық бiрiншiлiгiнде жалпыкомандалық есепте жеңiске жеттi.
 
ХОНДА: “ЖОЛДАМА ҚОЛДА!”
Футболдан келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем чемпио­натына елдiң алды болып Жапония ұлттық құрамасы жолдама еншiледi. 4 маусым күнi өз алаңында Австралия ұлттық құрамасын қабылдаған жапондар 1:1 есебiмен тең тарқасып, өз тобында өзгелерден оқ бойы ұзап алды. Сөйттi де, 14 ұпай жинап, күнi бұрын әлем чемпионатының финалдық ойынын жолдама алып қойды.
Альберто Дзаккерони баптайтын Жапония құрамасының қақпасына австралиялықтар 88-минутта гол тоғытып, бөркiн аспанға ата қуанған. Алайда австралиялық қорғаушы допты қолымен тежегенi үшiн, төрешi пенальти тепкiздi. Жапония ұлттық құрамасының “жалғыз-жаяу” жампозы Кейсуке Хонда таразы басын теңестiрiп, ұлттық құрамасын әлем бiрiншiлiгiне алып шықты.
 
КӨСЕГЕСIН КӨГЕРТСЕ...
Астаналық “Барыс” хоккей клубының бас бапкерi болып ұлты фин Ари-Пекка Селин тағайындалды. Екi жылдық келiсiмшарт бойынша қызмет атқаратын Селин бұған дейiн Финляндияның “НРК” клубына бас бапкер болды. Осы қызметiне қосы Финляндия ұлттық құрамасы бас бапкерiнiң көмекшiсi мiндетiн де атқарды.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар