1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15809) 21 мамыр, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 мамыр 2013
Спорт ақпарат

ҒАСЫР ҚҰРМЕТIНЕ...

Биыл – қазақ футболына 100 жыл. Осы айтулы мерекеге орай 4 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария футболшыларына қарсы жолдастық кездесу өткiзедi.
Болгария футболшылары келесi жылы өтетiн әлем чемпионатына iрiктеу турын сәттi өткiзiп келедi. Олар “В” тобында 10 ұпаймен екiншi сатыда тұр.
Бiздiң Мирослав Беранек баптайтын ұлттық құрамамыз әлем бiрiншiлiгiне iрiктеу турындағы соңғы екi ойынын Германияға қарсы өткiзiп, күйрей жеңiлгенi белгiлi. Ал болгарлар 22 наурызда Мальта құрамасын 6:0 есебiмен жеңдi де, 26 наурызда Дания футболшыларымен тең түсiп, 1:1 есебiмен тарқасты.
Болгария ұлттық құрамасы 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатының ширек финалында немiстердi жеңiп, айды аспанға шығарғанын жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Олар сол жылғы әлем бiрiншiлiгiн 4-орынмен аяқтағаны да елдiң есiнде.  
 
«САУ БАСҚА САҚИНА...»
Футболдан Испания кубогының финалдық ойынында мадридтiк “Реал” мен “Атлетико” арасындағы ойын даумен аяқталды. Экстра таймға ұласқан ойынның 115-минутында жүйкесi сыр берген корольдiк клубтың шабуылшысы Криштиану Роналду “Атлетиконың” жартылай қорғаушысы Габи Фернандеске қарсы ойын ережесiн бұзған. Төрешi бiр­ден Роналдуды алаңнан қуды.
Футболшының бұл қылығы басына таяқ болып тиетiн түрi бар. Себебi Испания футбол федерациясы футболшыны      4 ойынға қатыстырмауы мүмкiн. Егер осы айыптау Роналдуға таңылса, ол Испания чемпионатының соңғы екi ойынына қатыса алмайды. Және келесi Испания бiрiншiлiгiнiң алғашқы екi кездесуiне де қатыспайды.
 
ҚҰРМЕТТI ДОКТОР
Велоспорттан Сидней олимпиадасының (2000) күмiс, Лондон олимпиадасының (2012) чемпионы, Вуэльта көпкүндiгiнiң (2006) жеңiмпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегерi Александр Винокуровқа доктор мәртебесi берiлдi.
Астана қаласындағы салтанатты басқосуда “Құқық саласының құрметтi докторы” деген марапатты Винокуровқа Еуропа университетiнiң президентi Дирк Крайен табыстады.  
 
“ЧЕЛСИДI” КӨГЕРТПЕК
Мадридтiк “Реалдың” бас бапкерi Жозе Моуринью келесi маусымнан бастап ағылшынның “Челси” клубын баптауы бек мүмкiн. Кейбiр ақпарат көздерi Жозенiң “Челси” тарапы ұсынған барлық ұсынысты қабыл алғанын жазады. Бiр анығы бұл бапкер Испания бiрiншiлiгi аяқталған соң корольдiк клубтың бас бапкерлiгi қызметiнен босайды. Әзiрге “Реалға” бас бапкер болады деген үмiткерлердiң iшiнде француздың “ПСЖ” клубын баптайтын Карло Анчелоттидiң есiмi жиi аталады. Ендiгi маусымда “Реалды” “жусатып-өргiзу” осы Карлоның қолына өтуi ғажап емес.  
 
Беттi дайындаған Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар