1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15809) 21 мамыр, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 мамыр 2013
Көкпарға түскен күрестiң ережесi өзгердi

Мәскеуде FILA-ның конгресi өтiп, онда бiрнеше өзектi мәселе көптiң талқысына түстi. Бас­ты оқиға – FILA-ға жаңа басшының сайлануы.

Ресей астанасында өткен кезектен тыс жиында күрес түрлерiнен халықаралық федерацияның президентi болып ұлты серб Ненад Лалович сайланды.
Сондай-ақ, бұл жиында федерациясының жаңа конституциясы бекiтiлiп, күрес ереже­сiне өзгерiстер енгiзiлдi. 
Күрес түрлерiнiң олимпиада ойындары санатында қалу-қалмауын ХОК (халықаралық олимпиадалық комитет) қара күзде шешедi. Күрестiң жазғы олимпада ойындары қатарынан түсiп қалмауы үшiн жанталасқан FILA басшылары күрес ережесiн барынша өзгертiп, көрермендi жалықтырмаудың бар амал-шар­ғысын жасапты. Бұған дейiн әр белдесу 2 минуттық 3 кезеңге бө­лiнiп өткiзiлiп келдi. Ендi 3 минуттан 2 кезең ғана күреседi балуандар.
Жаңа сайланған президент Лалович 2006 жылы федерация қанатының астына қосылған, олимпиадалық ойындар қатарына жатпайтын ММА, греплинг сынды спорт түрiн келесi жылдан бастап FILA-дан бөлiп жiберетiнiн айтты.
Жазғы олимпиада ойындарында грек-рим мен еркiн күрес балуандары 7 салмақ дәрежесi бойынша, қыздар 4 салмақта күресiп келгенi белгiлi. Ендiгәрi үш күрес түрiнде де салмақ дәрежелерi тең болады. Яғни грек-рим, еркiн, және қыздар күресiнен медальдар 6 салмақ бойынша сарапқа салынады.  
Конгресте қабылданған ше­шiм ХОК-ке жолданады. Егер халықаралық олимпиадалық комитет мақұлдаса, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында күрес осы ережеге сай өтедi.
“Бiз салмақты ғана қысқартпай, төрешiлердi де азайтатын боламыз. Сонымен бiрге әр салмақта қола жүлде тек жал­ғыз балуанға ғана берiледi. Олимпиада бұған дейiн әр салмақта 20 балуаннан қатысып келсе, бiз оның санын 16-ға шейiн шегердiк. Сонда олимпиадаға аз балуан қатысады, әрi белдесу сапалы өтедi”, – дедi президент Н.Лалович.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар