1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15809) 21 мамыр, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 мамыр 2013
Бибiсара – төрт дүркiн әлем чемпионы!

Қазақтың талантты қызы Бибiсара Асаубаева шахматтан әлемнiң төрт дүркiн чемпионы атанды.

Грекияда өткен жасөспiрiмдер арасындағы әлем бiрiншiлiгiне қатысқан 52 мықтының арасында тек Бибiсара ғана ең көп ұпай олжалаған. Ол 8,5 ұпай жинаған, ал жоғарғы көрсеткiш – 9 ұпай.
9 жасқа дейiнгiлер арасында топ жарған Бибiсара Асаубаева 2011 жылдан берi Польша, Бразилия, Румынияда өткен әлем чемпионаттарында мерейi үстем болып, әлемнiң таңдаулы шахматшыларының өзiн оймен матап тастаған болатын. 
Жеткiншектер арасындағы әлем бiрiншiлiгiне алғаш қатысқан Әмина Қайырбекова 7 жасқа дейiнгiлер арасында күмiс жүлде алса, 15 жасқа дейiнгiлер арасында Жанат Сайын қола медаль иелендi.
аСегiз сақа
Ресейдiң Хабаровск қаласында Кеңес одағының батыры Константин Коротковты еске түсiруге арналған халықаралық турнирде елiмiздiң боксшылары 7 алтын, 1 қола медаль олжалап, командалық есепте топ жарды.
Бұл сынға қатысқан елiмiздiң ұлттық құрамасының басым бөлiгi – нөмiрi бiрiншi боксшылар. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов апарған жiгiттердiң iшiнде 49 келiде Бiржан Жақып пен 52 келi салмақта Iлияс Сүлейменов iрiктеуде тұсалып, жарысты аяқтады.
17 елден келген боксшылардың iшiнде жерлестерiмiз Қайрат Ералиев – 56 келiде, Берiк Әбдiрахманов – 60-та, Мерей Ақшалов – 64 келiде, Бақытжан Қожабеков – 69 келiде, Нұрдәулет Жарманов – 75 келi салмақта, Әдiлбек Ниязымбетов – 81-де, аса ауыр салмақта Иван Дычко турнир жеңiмпазы атанды. 91 келi салмақта Антон Пинчук қола медальдi мiсе тұтты. 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар