1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15808) 16 мамыр, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 мамыр 2013
Спорт ақпарат

“ӨКПЕМ ҚАРА ҚАЗАНДАЙ!”

Мюнхендiк “Бавария” Германия бундеслигасында жеңiске жеткенiн бiрiншiлiк аяқталмастан жатып тойлауды бастап кеттi. Олар 33-турда өз алаңында “Аугсбург” клубын қабылдап, 3:0 есебiмен жеңдi де, Германия чемпионы атанды. Осы жеңiстен кейiнгi салтанатты марапаттау рәсiмiнде жанкүйерлерi алдында еркелеген футболшылар бiр-бiрiн қуалап, сыраға шомылдырды. Мiне, осындай “қызық қуудың” бiрiнде қорғаушы Жером Боатенг дiнi мұсылман Франк Риберидiң басынан аяғына дейiн сыраны лақылдата құяды. Ойнаудың да жөнi бар ғой, мұсылман дiнiнде iшiмдiк харам саналатыны белгiлi. Дiнiне берiк Рибери әрiптесiнiң оспадар қылығы үшiн қатты қапаланыпты. Тiптi The Sun сайты Франктiң Жеромға ренжiп қалғанын жазыпты. Сайт Риберидiң: “Менiң мұсылман екенiмдi бiле тұра, қасақана осындай әрекет жасады. Қанша жерден әзiл болса да, мен Жеромның мұнысын кешiрмеймiн. Ендiгәрi онымен сөйлеспеймiн”, – деген сөзiн де жариялады.
 
ҚЫЗУЫ КӨТЕРIЛIП, НӘТИЖЕСI ТӨМЕНДЕДI
Перу астанасы Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпио­наты өтiп, оған елiмiздiң атынан үш бойжеткен қатысып қайтты. 75 келi салмақта Анастасия Швабауэр әлем чемпионы атанып, елiмiздiң туын желбiретiп, әнұранымызды шырқатса, 69 келi салмақта сынға түскен Жазира Жаппарқұл күмiс медальдi мiсе тұтты. Жазираның алдын әзiрге қытайлық ауыр атлет қана орап тұр. Үшiншi атлетiмiз Карина Горичева жүлдесiз қалды.
Жастар құрамасының аға бапкерi Бақыт Ахметов Каринаның сырқаттанып қалғанын айтып, әйтпесе тәуiр нәтиже көрсететiн едi дейдi. “Бiз толық құрамда бара алмадық, себебi маусым айының соңында Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтедi. Құраманың өзге мүшесi осы сынға дайындықты бастап кеттi де, Перуге тек үш қызымызды ғана апаруға тура келдi. Ұшаққа мiнерде Каринаның дене қызуы көтерiлiп, 39 градусты көрсеттi. Әлем чемпионаты басталғанға дейiн де түспей қойды. Ол сырқатына қарамастан әлем чемпионатына қатысты”, – дейдi Б.Ахметов.
 
ТӨРТЕУДIҢ ДАУЫ
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы былтырғы жылы ауыр атлетикадан өткен халық­аралық жарыстарға қатыс­қан спортшылардың арасында допинг пайдаланғандардың тiзiмiн жарялапты. 141 ауыр атлет­тiң ортасында бiздiң елдiң төрт бiрдей спортшысы жүр.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жерлес­терiмiз Жасұлан Қыдырбаев, Семен Линдер, Нұр­сұлтан Рахатов және Фаина Сыбанбаева былтыр­ғы жылы жарысқа түсер алдында қолдануға тыйым салынған станозолол препаратын пайдаланды деп екi жыл спорттан шеттеттi. Былтырғы жылы Жасұлан жасөс­пiрiмдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленiп, Азия чемпионатында жеңiмпаз атанып мерейiмiздi тасытып едi. Семен мен Нұрсұлтан Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдесiн олжалаған болатын.
Басы дауға қалған төрт атлет ендi келесi жылдың қараша айына дейiн ешқандай жарыстарға қатыса алмайды.
 
ӨРЕНДЕР ӨЗАРА ТАРТЫСТЫ
Алматы облысы, Талғар ауданының орталығы Талғар қаласында шағын футболдан жасөспiрiмдер арасында турнир өттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың ардагерi Добай Жусанбайұлы атындағы турнирге ауданның 6 командасы қатысты.
1998-2000 жылы туған оқушылар арасында өткен ойында Шiлiккемер ауылының “Достық” командасы топ жарды. Екiншi орын Кеңдала ауылының “Барыс” командасына, үшiншi орын Талғар қаласындағы №6 мектептiң оқушыларынан жасақталған “Қарасай” командасына бұйырды.
Соғыс ардагерiнiң ұлы, полиция подполковнигi Арман Жусанбай жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтарын тапсырды. Спорттық шараға қонақ болған бiр топ азаматтар жасөспiрiм футболшылар­ға сұрапыл соғыстың адамзатқа тигiзген залалы жайлы айтып бердi.
 
“БАРСЕЛОНА” БАПКЕРЛЕРI БОЙ ЖАЗУҒА КЕЛМЕСIН
Маусым айының соңынан бастап шiлденiң 13-iне дейiн әлемге әйгiлi испандық клуб “Барселона” академиясының бапкерлерi Қазақ жерiнде қызмет етедi. Екi апта мерзiм iшiнде iргелi академияның бiлiктi бапкерлерi қазақ елiнiң 9-11 жас аралығындағы болашақ футболшыларына дәрiс өткiзедi.
“Астана Арена” стадионында жүзеге асатын игiлiктi шараны “Қазақстанның спорттық технологиялары” ЖШС, “Назар­баев орталығы” ММ һәм спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi ұйымдас­тырмақ екен.
“Барселона” бапкерлерi елiмiздiң бүлдiршiн футболшыларына шеберлiк сағатын тегiн өткiзiп бередi.
 
ЖЕҢIМПАЗҒА ЖОЛДАМА
Сочи олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшылардың киiм үлгiсiне конкурс жарияланды. Ашық өтетiн конкурсқа танымал дизайнерлермен бiрге елiмiздiң әрбiр азаматы тiптi Қазақстан азаматы емес шеберлер де қатысуға құқы бар.   
Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов үздiк шыққан үш автордың киiм үлгiсi интернетте дауысқа салынатынын айтады. Үздiк шыққан авторға Сочи олимпиадасын көруге мүмкiндiк туып, екi жолдама берiледi. Екiншi және үшiншi орын алған шеберлер де сыйдан кенде қалмайды.
Былтыр Лондон олимпиадасына қатысқан спортшылардың үстiндегi спорттық киiмнiң бiреуiн тiгуге қазынадан 300 мың теңге жұмсалыпты.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар