1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15807) 14 мамыр, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 мамыр 2013
Спорт ақпарат

ОҚУШЫЛАР ОРТАСЫНДА

Жазушы Сейдахмет Бердi­құловтың биыл 80 жылдығы. Қарымды қаламгердiң мерейтойы елiмiздiң әр аймағында салтанатты шаралармен, спорттық турнирлермен әдiптелiп аталып өтiп жатыр. Сондай игi шараның бiрi Қызылорда облысының Қазалы ауданында өттi.
Мектеп оқушылары арасында стол теннисiнен турнир ұйымдастырылып, жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге сый-құрмет көрсетiлдi.  
Сәлмен ЕРЖАНҰЛЫ,
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Басықара ауылы. 
 
“ЗАҢ ГАЗЕТIНIҢ” ЗАҢДЫ ЖЕҢIСI
Жыл сайын мамыр айында журналистер арасында шағын футболдан турнир өтедi. Биыл бұл сайыс 18-iншi мәрте ұйымдастырылды. Жазушы, публицист, қазақ спорт журналистикасының абызы Сейдахмет Бердiқұлов атындағы турнир Алматыдағы республикалық спорт колледжiнiң стадионында өтiп, 12 команда арасынан республикалық “Заң” газетiнiң құрама командасы топ жарды.
Екiншi орын “Алматы” телеарнасының ұжымына бұйырса, қола медаль “Қазақстан” ұлттық арнасының ұжымынан жасақ­тал­ған команданы пенальти сериясында ұтқан “Хабар” агент­тiгiнiң еншiсiне жазылды.
2008 жылдан берi бұл турнирдi елiмiздiң Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгi ұйымдастырып келедi. “Келесi жылы Сейдағаң атындағы турнирдi Астана қаласында өткiземiз”, – дейдi турнирдiң ұйымдастырушысы Ардақ Тоғымов.
 
ҚАРАЖАТТАН ҚЫСПАЙДЫ
Елiмiздiң спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов келесi жылы Ресейде өтетiн қысқы олимпиада ойындарына дайындық үшiн ел қазынасынан 1 миллиард теңге бөлiнуi тиiс дейдi. Төраға орынбасары бұл қаржының спортшылардың дайындығына жұмсалатынын айтты. Сонымен бiрге Олимпиада жүлдесiн олжалаған спортшылар да сыйақыдан кенде қалмайтынын жеткiздi. “Келесi жылы Сочи олимпиадасында чемпион атанған спортшыға – 250 мың, күмiс медаль иеленсе – 150 мың, қола жүлдегер атанған спортшыға 75 мың АҚШ доллары көлемiнде сыйақы берiлетiнiн жеткiздi.
Сочи қаласындағы қысқы олимпиада ойындары келесi жылдың 7-23 ақпан аралығында өтедi. Әзiрге елiмiздiң спортшылары қысқы спорттың 6 түрi бойынша 22 жолдамаға иелендi.   Олимпида жолдамасы келесi жылдың қаңтар айына дейiн созылады.
 
ҚОШТАСУ ҚИЫН БIРАҚ...
Ағылшынның “Манчестер Юнайтед” футбол клубына 1986 жылдың 6 қарашасында бас бапкер болып бекiп, табаны күректей 26 жыл, 6 ай еңбек еткен Алекс Фергюсон Англия премьер-лигасының биылғы мау­сымы аяқталған соң қызметiнен кететiнiн мәлiмдедi. Бас бап­керлiк қызметтi “ақжем болғанша” атқарған сэр Алекс Англия футболының тарихында атақ-дәрежеге молынан кенелген жалғыз маман. Ол “Манчестер Юнайтед” клубын баптап, 26 жылдың iшiнде 13 мәрте Англия чемпионатының жеңiмпазы атанды. Екi рет УЕФА Чемпиондар лигасында топ жарды. 5 рет Англия кубогын олжалады.
71 жастағы бас бапкер ендi “Манчестер Юнайтед” ойыншыларын алаңға 19 мамырда бастап шығып, шәкiрттерiн “Вест Бромич” клубына қарсы салады. Осы ойыннан кейiн әйгiлi маман, Англия футболының абызына айналған бапкер қызметiн өткiзiп бередi.
 
АЖАЛЫ ҚАҚПАШЫДАН КЕЛДI
46 жастағы төрешi Рикардо Портиллоның ажалы қақпашыдан келдi. NEWSru.com сайтының жазуынша, қайғылы оқиға АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласының маңында болған. Әуесқойлар арасындағы лиганың кезектi ойы­нына төрелiк еткен Рикардо 17 жастағы қақпашыны ойын ережесiн бұзғаны үшiн айып­ты санап, сары қағаз көрсетедi. Ызаға булыққан қақпашы төрешiнi салып кеп жiберiптi. Есiнен танып құлаған қазы аурухананың жансақтау бөлiмiнде бiр апта жатып, жүрiп кетiптi.
Дәрiгерлер миында iсiк пайда болған деп диагноз қойған төрешi осыдан 8 жыл бұрын да таяқталыпты. Қызы сол кезде әкесiнiң қабырғасы мен аяғы сынғанын айтады.
 
ЧЕМПИОНАТ ҚЫЗБАЙ ТҰР
Өткен аптада футболдан ел чемпионатының 10-тур ойын­дары өттi. Шымкентте жер­гiлiктi “Ордабасы” мен қарағандылық “Шахтер” арасындағы ойында есеп ашыл­ған жоқ. Дәл осындай нәтижемен аяқталған ойын “Тараз” – “Жетiсу”, “Тобыл” – “Ертiс” ара­сындағы кездесуде де тiркелдi.
Өскеменде “Восток” оралдық “Ақжайықты” ұтты. Жеңiс голын 92-минутта Сохна соқ­ты. Алматыда жергiлiктi “Қайрат” әзiрге турнир басында тұрған “Ақтөбе” футболшыларын ұтты, жалғыз голды 47-минутта Недашковский енгiздi.
“Атырау” өз алаңында елор­далық “Астанаға” жол бердi.   Коробкин 45-минутта есеп ашса, Нұрдәулетов 50-минутта нәтиженi еселедi. 64-минутта Нұрбеков есеп айырмасын қысқартқанымен, атыраулықтар осы нәтиженi қанағат еттi.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар