1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (15793) 27 наурыз, сәрсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 наурыз 2013
Спорт ақпарат

СҮРIНIП ҚАЙТА ТҰРСА ИГI

Бүкiләлемдiк бокс сериясының биыл­ғы маусымын сәттi бастап, топтық кезеңнен ширек финалға күнi бұрын шығып қойған “Астана арландары” Аргентинада жеңiлiске ұшырады.
Ширек финалдық сынның алғашқы жекпе-жегiнде Сергей Корчинский баптайтын “арландар” аргентиналық боксшыларға есе жiберiп алды. 
54 келiде Ерлiк Әбдiрайымов Альберто Мелианнан жеңiлсе, 61 келiде команда капитаны Самат Бәшенов Ронан Санчестi ұтып, таразы басы теңелгенi сол едi, 73 келiде сынға түсiп, өз салмағының серкесi атанып жүрген Сергей Деревянченко    Карлос Брайан Кастаньодан жеңiлiп жер болды. Бұған дейiн қарсы келгеннiң қабырғасын қақырата сөгiп, ес жиғызбай есеңгiрете сабайтын Сергей бұл жолы қақпанға өзi түсiп қалды. 85 келiде хорват “арлан” Хрвое Сеп Ямиль Перальтаға есе жiбердi. Аса ауыр салмақта ұлты румын Михай Нис­тор Оскар Рикардо Перездi бар бол­ғаны екi раунд қана сабады. Басын қорғап бұғынумен уақыт өткiзген Оскар Нистордың жуан жұдырығын әбден “жедi”. Аргентиналық алыптың бұ­дан арыға шамасы жетпейтiнiн бiлген бапкерлер ортаға орамал лақтырып, техникалық нокаутпен Нистор жеңiске жет­тi.
Ертең Алматыға “Argentina Condors” клубы келедi. Жартылай финал жолдамасы кiмдердiң уысында кететiнi ертеңгi жекпе-жекте айқындалады.
 
“САРЫАРҚАДА” СЫНҒА ТҮСЕДI
21-26 маусым күндерi Астанадағы “Сарыар­қа” спорт кешенiнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтедi. Азия ауыр атлетика федерациясы мен ұйымдастыру комитетi құрлық чемпио­натының эмблемасын көпшiлiкке таныстырды.
Азия чемпионатына Лондон олимпиадасында топ жарып жүлде алған Қытай, Корея, Иран сынды елдердiң ауыр атлеттерi де қатысуы мүмкiн.
 
“ЧАННАН ТЕН МЫҚТЫ”
Канаданың Лондон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты бiткелi көп күн өткенiмен, дақпырты әлi басылған жоқ. Өйткенi канадалық Патрик Чанның жеңiсiне күмәнданатындардың қатары көбейiп келедi. Мәселен, жуырда америкалық журналист Моника Фридлендер халықаралық коньки федерация­сы мен халықаралық олимпиадалық комитеттiң басшыларына ашық хат жолдаған. “Әдiлқазылар деп жұрт сенген төрешiлер бұра тартты. Екiншi бағдарлама бойынша өнерiн көрсеткен Чан мұз үстiнде құлап жатса да көз жұма қарады. Спортшының әлем чемпионатында өрескел қателiк жасағанын көрмегенсу – қиянат. Алтын медаль мен әлем чемпионы деген атақ сөзсiз Қазақ елiнiң спортшысы Денис Теннiң еншiсiне тиюi тиiс. Басшылар әлем чемпионатын қайталап көрiп, әдiл төрелiгiн айтсын”, – дептi америкалық журналист өзi жолдаған ашық хатта.
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар