1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15786) 28 ақпан, бейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 ақпан 2013
«Шiдерлеп» қойып жуасытты

Корольдiк клуб “Реал” Испания ку­богының финалына шықты. Каталониядағы “Камп Ноу” стадионында өткен қарымта ойында Жозенiң жi­гiттерi азуы алты қарыс “Барселонаны” 3:1 есе­бi­­мен ұтты. Алғашқы ойын Мадридте өтiп, екi клуб та 1:1 есебiн қанағат еткен болатын.

“Барселонаның” жан­­кү­й­ер­­лерi алдында Месси, Хаби, Иньеста, Пуйоль бастаған марқасқалар еш қайран көрсете алған жоқ. Ойынның 13-минутында алаңның орта тұсынан ала допты алдына салып алып қарсы қақпаға қарай андыздаған Криштиану Роналдудың алдында басқа-басқа, Херард Пикенiң өзi дәрменсiз болды. Жiпсiз маталып қалған қорғаушы ақыры болмаған соң, шалып жықты. Пенальтиден есеп ашқан Роналдудың голынан кейiн корольдiк клуб ойыншылары жұтынып шыға келдi. Кексе ойыншы Карлос Пуйольдiң өзi аяғын тарта ойнағандай кө­рiндi осы кездесуде. 58-минутта Ди Мария шабуыл өрбiтiп, Пинту қорғайтын қақпаға жақындағанда алдын осы Пуйоль бөгедi емес пе? Қорғаныста жата-жастана, керек болса, жастығын бiрге ала кетуге бар тiсққақан қорғаушыны Ди Мария жер соқ­тырып кетедi деп ешкiм де ойламаса керек. Бiрақ аргентиналық футболшы қарсы алдында төбедей болып төнiп тұрған футболшыдан сытылып кетiп, шiрене тепкен. Қақпашының қолынан кейiн сер­пiлген доп гол соғуды көктен тiлеп жүрген Роналдудың алдына түсе қалмасы бар ма. Мұндай мүмкiндiктi ол көз жұмып та iске асыра алатынын дәлелдеп бердi. Үшiншi голды “Реалдың” 20 жастағы қорғаушысы Рафаэль Варан (68-минутта) соқты. “Барселона” ойын­шылары тек 89-минутта Хорди Альбаның арқасында бiр ғана гол тоғытып, ақыры жеңiлiс тапты.
“Реал” ендi финалда “Атлетико” мен “Севилья” арасындағы тартыста (бүгiн өтедi) жеңген командаға қарсы ойнайды. Алғашқы ойын 2:1 есебiмен мадридтiк “Атлетиконың” пайдасына шешiлген болатын.   
 
Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар