1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15783) 19 ақпан, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 ақпан 2013
Спорт ақпарат

БАРЫН САЛЫП БАСЫМ ТҮСТI

Құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойынында “Барыс” былтыр лиганың чемпионы атанған питерлiк “СКА” командасын 5:4 есебiмен жеңдi. Астанада өткен кездесуде елордалық клубтың жеңiске жетуiне қақпашы Еремеев көп еңбек сiңiрдi. Орай да, борай шабуыл­даған қонақтар көк мұз үстiнде дауыл тұрғызғанымен, қорғанысы қамал қақпашы алдында дәрменсiздiк танытты. Владимир Крикуновтың жiгiттерi ендi плей-офф кезеңiнде челябiлiк “Тракторға” қарсы ойнайды.
 
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
Норвегияның Хамара қаласында конькимен сырғанаудан әлем чемпионаты өттi. Классикалық көпсайыста елiмiздiң намысын қорғаған Дмитрий Бабенко жалпы есепте 14-сатыны мiсе тұтты. Жерлесiмiз алғашқы күнгi сайыста 500 метр қашықтықта жүгiрiп, 17-орынмен аяқтады да, 5 мың метрге жарысуда 13-сатыға орнықты. 1500 метрлiк қашықтыққа сынға түсiп, 16-ыншы болып келдi. Үшсайыс қорытындысы бойынша Бабенко еншiсiне 113.236 жинады.
Әлем чемпионы атағы голландиялық Свен Крамерге бұйырды, күмiс жүлденi норвегия­лық спортшы Ховард Бекко иеленсе, қола медаль бельгиялық Барт Свингске тидi.
 
ЖҮЛДЕ АЛМАДЫ
Давоста (Швейцария) аяқталған әлем кубогының кезеңiнде жер­лесiмiз Алексей Полторанин 20-орынды қанағат еттi. 15 шақырым қа­шықтыққа еркiн әдiс бойынша сынға түскен сайыста швед Йохан Олс­сон топ жарды. Швейцариялық Дарио Колонья әлем кубогының күмiс, ресейлiк Александр Легков қола жүлдесiн олжалады.
Бұл сынға Полтораниннен өзге бiрнеше шаң­ғышымыз қатысып, Николай Чебатько – 21, Евгений Величко – 60, Марк Старостин –        65-iншi болып жеттi.
 
ӨРЛЕУ ДЕ, ҚҰЛДЫРАУ ДА БАР
Әйелдер теннисi ассоциациясының ақпан айының үшiншi аптасындағы рейтингiсiн де өзгерiс бар екен. Әсiресе, қазақстандық теннисшiлерге қатысты. Елiмiздiң бiрiншi нөмiрлi ракеткасы саналатын Ярослава Шведова бiр апта бұрын 30-сатыда тұрған, ендi ол екi саты төмендептi. Ксения Первак 72-сатыда болатын, құлдыраған ол 84-орында тұр. Юлия Путинцева 97-сатыдан 101-ге төмендеген.
Ұпайы жоғарылаған теннисшiлерiмiз де бар. Галина Воскобоева – 107, Сесиль Каратанчева – 119, Зарина Диас 245-сатыға көтерiлдi.
Америкалық Серена Ульямс бұл аптаның рейтингiсi бойынша көш басына шықты, әлемнiң бiрiншi нөмiрлi ракеткасы беларусь Виктория Азаренко бiр саты төмендесе, үштiктi ресейлiк Мария Шарапова түйiндеп тұр.
 
МЕССИIМЕН МАҚТАНАДЫ
Каталондық “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Месси осы клубтың сапында жүрiп соққан голының санын 300-ге жеткiздi. 2003 жылдан берi “Барсаның” абыройын асыруға күш салып жүрген футболшы өткен аптаның сенбi­сiнде “Гранада” клубына қарсы ойында екi гол соқ­ты. Осы күнi Месси “Барселонаның” жейдесiн алаң­ға 365-iншi рет киiп шықты да, тағы да рекорд жаңартты. Бұған дейiн “Барселона” клубының тарихында бiрде-бiр футболшы соққан голының санын 300-ге жет­кiзген емес. Тек 1942-1955 жылдары осы клубтың жарық жұлдызы атанған Сесар Родригес қана 232 гол соғыпты. Қалған мергендердiң гол саны 200-ге жетпейдi. Сесар “Барселонаның” сапында 13 жыл ойнап, соққан голының санын 232-ге жеткiздi. Ал Месси 300 голды айналасы 9 жылдың iшiнде тоғытып тастады. Мессимен бүгiнде “Барселона” ғана емес, “алтын баламыз” деп күллi аргентиналықтар мақтанады.
 
ОН ЖЫЛ ОТЫРЫПТЫ
Халықаралық күрес федерациясының президентi (FILA) Рафаэль Мартинетти қызметiнен кеттi. Оның қызметiн уақытша сербиялық Ненад Лалович атқаратын болды.
Өткен аптада Тайландтың Паттайя қаласында FILA-ның шұғыл отырысы өтiп, бұрынғы президент Мартинеттидiң жұмысына көңiлi толмағандықтан қызметiнен кетiрдi. Оның жұмыстан кетуiне себептiң бiрi – Лозанна қаласында өткен ХОК-тiң (халықаралық олимпиада комитетi) отырысы. Осы жиында 2020 жылы өтетiн жазғы олимпиада ойындарынан спорттың күрес түрiн алып тастау жөнiнде мәселе көтерiлген.   Көрермендi жалықтырып жiбердi деген желеумен күрестi ысырып тастап орнына бейсбол (софтбол), сквош, ушу, вейкбординг, роллерспорт, каратэ сынды спорт түрiн қосу жайы талқыланған болатын.
2002 жылдан берi халықаралық күрес федерациясының президентi қызметiн атқарып келген швейцариялық Рафаэль Мартинетти қызметiнен кеттi, ал күрестiң жазғы олимпиада ойындарындағы спорт түрiне саналу-саналмауы осы жылдың қыркүйек айында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте белгiлi болып, ХОК-тiң 125-сессиясында осы мәселеге нүкте қойылады.
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар