1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15783) 19 ақпан, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 ақпан 2013
Ерте үзiлген Ермек

Үш дүркiн Азия чемпионы талантты боксшы Ермек Серiковтi өлтiрдi деген айып­пен сотталған қылмыскер Владимир Шепин қайтыс болды. ИА Новости-Қазақстан агенттiгiнiң хабарлауынша, Қарағандыдағы жалпы режимдегi түрмеде жазасын өтеп жатқан Шепин жүрек талмасынан көз жұмған.

Қанды қылмыс 2009 жылдың тамыз айында болған едi. 20 жастағы боксшыға тасадан тап берген қарақшы тапаншадан оқ атып жаралап, қансыраған спортшының жұдырықтай жүрегi ауруханада ота жасау ке­зiнде соғуын тоқтатқан болатын. Сот шешiмiмен қылмыскер Шепин 7,5 жылға сот­тал­ған.
Қазақтың “Тайсоны” атан­ған Ермек жекпе-жекке шық­қанда жұрт даңқты бокс­шы Серiк Қонақбаев қайта рингке шыққандай шаттанушы едi. Қарсыласының атақ-даңқы алысқа жайылса да шайлығуды бiлмейтiн боксшы өзiнен бойы ұзын қарсыластарын қақырата соққанда баудай түсiретiн. Амал қанша, 2009 жылы Миланда өтетiн әлем чемпионатына Серiков те қатысып, ересектер арасында өзiн дәлел­дейтiн едi. Қандықол қарақшы қаршыға ұлдың асқақ арманын орта жолда қиып түстi.
10 жасынан бокспен айналысқан алтын ұл өмiрiнiң соңына дейiн 150 жекпе-жек өткiзiп, 143 рет жеңiске жетiп, 7 мәрте қарсыласымен тең түскен, бiрде-бiр жекпе-жекте жеңiлмеген. Халықаралық дәрежедегi спорт шеберi сол жылдары ұлттық құрамадағы ең жас боксшылардың бiрi болды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар