1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15777) 29 қаңтар, сейсенбі 2013
"Жас Алаштың" спорт беті.
29 қаңтар 2013
Спорт ақпарат

КҮМIС, ҚОЛА АЛТЫНҒА ТАТЫМАС 

Австрияның Обертиллиах қаласында биатлоннан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионаты өттi. 7,5 шақырым қашықтыққа iз кесiп сайысқа түскен спортшылар арасынан жерлесiмiз Галина Вишневская суырылып шығып, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдесiн иелендi. Вишневскаяның алдына тек ресейлiк Юлиана Кайшева ғана түстi. Қола медаль немiс спортшысы Марион Дейгентештiң қанжығасында кеттi.
Ал шаңғы жарысынан жастар мен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионаты Чехияның Либерец қаласында ұйымдастырылып, жерлесiмiз Марк Старостин қола жүлденi олжалады. 30 шақырымдық қашықтыққа скиатлон тәсiлi бойынша (15 шақырым классикалық, 15 шақырым еркiн әдiспен жүгiру) жарысқан шаңғышылар арасынан әлем чемпионы атағы ресейлiк Сергей Устюговқа бұйырды. Күмiс жүлде оның отандасы Евгений Белов­тың еншiсiнде кеттi.
23 жасқа дейiнгi қыздар арасында күшiн сынаған Анастасия Слонова әлем чемпионатының күмiс жүлдесiн иелендi. 10 шақырымдық қашықтыққа еркiн әдiспен жүгiруден сынға түскен спортшылар iшiнен норвегиялық Рагадан Рагинхильдтiң мерейi тасып чемпион атанса, қола жүлде итальяндық Деборе Аргейретке бұйырды.
 
“АРЛАНДАР” АҚШ-ҚА АТТАНДЫ
“Астана арландары” бүкiләлемдiк бокс сериясындағы келесi жекпе-жегiн 31 қаңтарда АҚШ-та өткiзедi. Сергей Корчин­ский баптайтын команданың намысын АҚШ-та мына боксшылар қорғайды.
54 келi салмақта Хабибулла-Исмайл Ахунов барады. Оның қарсыласы – Авилла Хуарес.   “Үйiрiне” биыл қайта қосылған Ахунов былтырғы маусымда да “арландардың” намысын қорғаған болатын.
61 келiде команда капитаны Самат Бәшеновке сенiм артылыпты. Бәшенов Эрик Фаулерге қарсы жұдырықтаспақ. 
73 келiде Константин Снигур рингке шықпақ. Қарсыласы – Ульям Ульямс. “Арландардың” қатарына биыл қосылған израильдiк легионер Снигур Алматыда “Украина атамандарына” қарсы өткен жекпе-жекте (18 қаңтарда) сенiм үдесi­нен шыға алмай Иван Голубқа есе жiберген едi. Қа­телiктi қаншалықты түзе­генiн Константин ендi АҚШ рингiнде көрсетедi.
85 келiде ирандық “арлан” Эхсан Розбахани Жемал Боснияктың қабiлет-қарымын байқап көредi.  
Аса ауыр салмақта украиналық “арлан” Роман Капитоненко Иштван Бернадтқа қарсы шығады. Қазақстандық клубтың қатарына биыл қосылған Капитоненконың бұл тұсаукесер жекпе-жегi.
Егер “арландар” Калифорнияда өтетiн жекпе-жекте жеңiске жетсе, 21 ұпаймен “В” тобында көш басындағы орнын сақтап қалады.
 
ҚАҚПАШЫ АЙНАЛЫП КЛУБЫН ТАПТЫ
Мадридтiк “Реал” клубының қақпашысы, әрi команда капитаны болған Икер Касильяс саусағын сындырып алғандықтан үш айға дейiнгi мерзiм iшiнде алаңға шыға алмайды.
Корольдiк клубтың басшылығы бiлгiр қақпашының орнын басар футболшы iздеген-дi. Нәтижесiнде “Вильярреалдың” 31 жастағы қақпашысы Диего Лепес клубпен 2017 жылға дейiн келiсiмшартқа қол қойған. Испан басылымдарына берген сұхбатында клубтың бас бапкерi Жозе Моуриньо әзiрге Диегоның негiзгi құрамға қосылуы екiталай екенiн айтыпты. Әзiрге “Реалдың” қақпасын Адан   күзетпек.
Лопес 2007 жылға дейiн де “Реалдың” қақпашысы болған-ды.  
 
АТАҚҚА ТАЛАСЫП АЖАЛ ҚҰШТЫ
Бокстан Индонезия чемпио­натын­дағы жекпе-жек қайғылы жағ­дайға әкеп соқтырды. Кәсiп­қой бокс­тан ел чемпионы атағын са­рап­қа салған жасөспiрiмдер арасындағы жекпе-жектiң бiрiнде боксшы ауыр соққыдан жантәсiлiм еттi.
Жеңiл салмақта 17 жастағы Тубагус Сакти Ичале Тобидоға қарсы шыққан. 7-раундқа дейiн екi боксшының да қарқыны жоғары болған. Алайда 8-раундта Сактидiң қорғанысын бұзған Тобидо екiлене соқ­ты. Бауыр тұсынан тиген соққыны ауырсынған қарсыласы екi қолын жоғары көтерiп, берiлгенiн мойындаған. Төрешi жекпе-жектi тоқтатқанша Тобидо тағы да төмпештеп жiбердi. Есiнен танып қалған Тубагуске алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетiлiп, ауруханаға жеткiзiлген. Жансақтау бөлiмiнде жатқан боксшы бiр күннен кейiн миына қан құйылып бақилық болды.   
 
ЕКI ҚҰРАМА – ЕКI ЖҮЛДЕ
Ресейдiң Краснояр қаласында жыл сайын дәстүрлi түрде өткiзiле­тiн “Иван Ярыгин” мемориалына қатысқан елi­мiздiң еркiн күрестен ұлттық құрамасы жал­ғыз қола жүлденi мiсе тұтты.
60 келiге дейiнгi салмақта белдесiп жүр­ген Дәулет Ниязбеков халықаралық турнирдiң қола жүлдесiн иелендi. Ол iрiктеу сынында үш бiрдей балуанды сүрiн­дiрген. Алайда жартылай финалда ресейлiк Опан Саттан аса алмады. Екi дүркiн Еуропа чемпионы Сат Дәулетке қарағанда алымды еке­нiн аңғартып, екi кезең нәтижесi бойынша ай­қын басымдықпен жең­дi. Алайда Дәулет қола жүлде үшiн болған белдесуде қарсыласының меселiн қайтарып, же­ңiс­тi жұлып алды.
Ниязбеков үшiн Ресей балуандары алынбас қамалға айналғандай. Лондон олимпиадасында да Дәулеттiң жолын орыс балуаны Жамал Отарсұлтанов кесiп едi.
Руслан Өмiрәлиев баптайтын елiмiздiң ер­кiн күрестен құрамадағы қалған балуандар турнирге тек қатысуды ғана мiсе тұтты.
Есесiне, Гүзел Манюрова баптайтын қыздар құрамасындағы балуандарымыз жарады. “Иван Ярыгин” мемориалына жетi қызымыз барған-ды. Үмiттi ақтайды деген балуандар жүлдеге қол созым қалғанда жарыстан сүрiндi . Тек Татьяна Аманжол (51 келi) ғана турнир жеңiмпазы атанды. Финалда ре­сей­лiк Екатерина Краснованы Татьяна ұпай санымен тiзерлеттi.
 
ҚОЮ ШАҢНЫҢ ОРТАСЫНДА
Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында ТМД мен Балтық жағалауы елдерiнiң жастар құрамалары арасында өткен халықаралық турнир мәресiне жеттi. Аптаға созылған сайысқа елiмiздiң 21 жасқа дейiнгi жастар құрамасы қатысқан болатын. Iрiктеу турын ала-құла өткiзiп, әупiрiммен топтық кезеңнен ширек финалға шыққан футболшыларымыз үшiн жүлденiң ауылы тым алыс болды.
Беларусь маманы Сергей Боровский баптайтын бiздiң жастар соңғы ойынды Молдова құрамасына қарсы өткiзiп, 0:1 есебiмен жол берiп, “Достастық кубогын” 6-сатымен аяқтады. Ойындағы жалқы голды Алексей Соломин соқты.
Ресейдiң жастар құрамасы былтырғы жетiстiгiн қайталап, финалда украиналықтарды 4:2 есебiмен тiзерлеттi. Беларусь футболшылары Литва құрамасын 2:0 есебiмен жеңiп, турнирдiң қола жүлдесiн олжалады.
 
СҮРIНIП ҚАЙТА ТҮЗЕЛСЕ ИГI
Допты хоккейден (бенди) 33-әлем чемпионаты Швецияда жалауын жел­бiреттi. Өкiнiшке қарай, Рауан Исалиев бастаған бiз­дiң хоккейшiлерiмiз алғаш­қы кездесудi сәтсiз өт­кiзiп, Ресей құрамасына 4:6 нәтижесiмен есе жiбер­дi. Швецияның Венерсборг қаласында өткен кездесуде жеңiлген жерлес­терiмiз ендi әлем чемпионатындағы екiншi ойында Швеция құрамасына қарсы шығады. Шведтер әлем чемпионатының алғашқы кез­десуiнде Финляндия құрамасын 5:3 есебiмен ұтып кеткен болатын.
Елiмiздiң хоккейшiлерi былтыр ақпан айында Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесiн иеленген едi. Сол сында жер­лестерiмiз жартылай финалда азулы Швеция құрамасының тiзесiн қалтыратып, пенальтиде ғана жол берген. Бұл жолы кеткен есенi қайтаруға Алексей Никишев шәкiрттерiнiң қауқары жетсе жарар едi.
 
ЖАСТАРҒА ОРЫН БЕРМЕК
Екi дүркiн әлем чемпионы, Бейжiң, Лондон олимпиадасының жеңiмпазы, украиналық боксшы Василий Ломаченко биыл қазан айында Алматыда өтетiн әлем чемпионатына қатыспайтынын айтыпты.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) сайыстарына “Украина атамандары” клубының намысын қорғап қатысып жүрген боксшы әуесқойлар арасындағы сапарын аяқтамақ көрiнедi. Мұндай шешiмдi боксшы жастарға жол ашу үшiн қабылдаған.   WSB-нiң ресми сайтына берген сұхбатында Ломаченко болашақта кәсiпқой боксқа түбе­гейлi бет бұратынын емеу­рiнмен бiлдiредi.
20 жасында Бейжiң олимпиадасының чемпионы атанған боксшы әзiрге жазғы Олимпиада ойындарында үздiк өнер көр­сететiн боксшыға берiлетiн мәртебелi Вэл Баркер кубогын қанжығасына байлаған Украинадағы жалғыз спортшы. Оның әуесқой бокстан Украина боксшыларының арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы деген атағы тағы бар. Ломаченко 17 ақпанда 25 жас­қа толады.
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар