1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15766) 13 желтоқсан, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 желтоқсан 2012
Кiлең спортшылардан тұратын “KEGOС”

Сайлау Байбосын, Павлодар

 
Iргетасы сонау 1996 жылы қаланған “KEGOС” акционер­лiк қоғамы – бүгiнде елiмiздегi электр қуатын тасымалдаушы iргелi кәсiпорын. Қазiргi кезде Қазақстанның әр аймағында бұл мекеменiң 9 филиалы және Ұлттық диспетчерлiк орталығы жұмыс iстеп тұрса, одан бөлек, онымен еншiлес “Энергоинформ” АҚ бар. Бұның бәрiн әңгiмелеп отырған себебiмiз, “KEGOС” АҚ бүгiнгi күнi өз шеңберiнде спорт түрлерiнiң дамуына барынша көңiл аударып, салауатты өмiр салтын насихаттап келе жатқан компаниялардың бiрi. Мiнекей, 10 жыл қатарынан аталған акционерлiк қоғамның шеңберiнде шағын футбол мен волейболдан тұрақты түрде спартакиада ұйымдастырылып келедi. Осындай кезектi спорттық шара желтоқсанның 5-8 күндерi Павлодар қаласында өткен едi. Бiздер жарыс басталмас бұрын, осы шараның кезектi ұйымдастырушысыСолтүстiк жүйеаралық электр тораптары филиалының директоры Тұяқов Төлеу Ақанұлына бiрер сұрақ қойған болатынбыз.
 
– “KEGOС” АҚ шеңберiн­де спортқа деген саясаттың дұрыс жолға қойылғанын байқап тұрмыз. Бұған не себеп?
– Басқа салаларды бiлмей­мiн, ал бiздiң электр жүйесi саласында спорт өте қажет. Оның себебi, мамандарымыз жаздың аптап ыстығында, қыстың суық аязында көбiне­се экстремальды жағдайда жұмыс iстейдi. Мысалы, қақап тұрған аязда 40-50 метр биiкке өрмелеп, электр желiсiнiң ақауын жөндеу қажет болады. Бұған өте мықты денсаулық және спортшылық әбжiлдiк керек екенi айтпаса да тү­сiнiктi. Денсаулығы нашар адам­дар ондай жұмысты ат­қара алмасы белгiлi. Сондықтан спорт бiздiң күнделiктi жұмысымызға аса қажет.
Екiншiден, қазiр жалпы елiмiз бойынша салауатты өмiр салты насихатталуда. Яғни, тұрғындардың денi сау болса, мемлекетiмiз де мықты болады деген сөз.
– Бүгiнгi жарыс жөнiнде қысқаша айтып өтсеңiз.
– “KEGOС”-тың құрамына кiретiн филиалдардың өз iшiнде спорттық жарыстар үнемi жүргiзiлiп жатады. Сондықтан бүгiн бұл жерде iрiктелген ең мықты командалар жиналған. Оның үстiне барлық филиалдардың спортшылары (кеңейтiлген құрамда) қатысып отырған осындай үлкен жарыс тұңғыш рет өткiзiлiп отыр. Тоғыз команда филиалдардан келсе, бiр команда “KEGOС”-тың атқарушы дирекциясынан, тағы бiр команда Ұлттық диспетчерлiк орталықтан және “Энергоинформ” АҚ-ынанбiр команда бар. Барлығы 12 команда, 300-дей спортшы қатыспақ. Осы шараның негiзгi ұйымдастырушы “Энерготехпрофсоюз” қо­ғамдық бiрлестiгi (басқарма төрағасы В.М Стребков). Және бiр атап айтарлығы, бұл спартакиада Тәуелсiздiк және энергетиктер күнiне арналып отыр.
Сонымен, дәстүр бойынша салтанатты түрде ашылып, екi күн бойы тартысты өткен жарыста бақ сынасқан жеңiм­паз командалар анықталды. Мысалы, шағын футболдан “Солтүс­тiкжүйеаралықэлектр тораптары”филиалы бiрiншi орынды ие­ленсе, екiншi жүл­де­лi орын “Оңтүс­тiк жүйеаралық элек­тр тораптары филиалына бұйырды. Ал Алматы филиалы үшiншi орынды қанағат тұтты.
Волейбол спор­тынан да “Солтүс­тiк” филиал бiрiншi орынды қанжығасына байласа, Алматы филиалы екiн­шi, ал “Сарыбай жүйе­аралық электр тораптары филиалы (Қостанай облысы) үшiншi орынды мiсе тұтты.
Жалпыкомандалық есеп бойынша бiрiншi орын орталығы Екiбастұз қа­ласында орналасқан “Солтүстiкжүйеаралық электртораптары филиалына берiлдi. Алматы филиалы екiншi орынға шықты. Ал жүл­делi үшiншi орын орталы­ғы Шымкентте орналасқан “Оң­түс­тiк жүйеаралық электр тораптары филиалына бұ­йыр­ды.
Осы жерде өздерiнiң ойын өрнегiмен көзге түскен жекеспортшыларға “Жақсы шабуылшы, “Жақсы қорғаушы”, “Жақ­сы байланыстырушы” деген номинациялар бойынша жүлделер табыс етiлгенiн атай кеткiмiз келедi. Сахнаға кө­терiлген “Солтүстiк” филиалының директоры Төлеу Тұяқов волейбол ойынынан “Жақсы байланыстырушы” деген марапат қағазы мен бағалы сыйлықты Ұлттық дис­петчер­­лiк орталықтың спортшысы Пастушков Николайға ұсынса, “Жақсы шабуылшы” атағы “Шығыс филиалдың” ойыншысы Емельянов Сергейге бұйырды. Сондай-ақ, “Сарыбайжүйеаралықэлектртораптары филиалынан келген Гаркуша Сергей осы жолы “Жақсы қорғаушы” атанып қайтты.
Шағын футболдан да спорт­шылар дәл осындай номинациялар бойынша марапатталды. “KEGOС” АҚ-ның Ат­­қару­шы дирекциясынан келген Сүйiндiков Сәбит“Жақсы қорғаушы” атағына лайық деп табылса, “Энергоинформ” АҚ-ынан келген Ибрайымжанов Бақыт “Жақсы шабуылшы” атағын жеңiп ал­ды. Ал сонау “Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары филиалынан келген В.Михно “Жақсы қақпашы” марапатын алып қайтты.
Спартакиаданың қуанышты сәттерi бұнымен толастап қалмай, “Жарыстың ең жас спортшысы” деген номинация бо­йынша “Шығыс филиалдан” келген 19 жасар Рауаянов Бекжан тұғырға көтерiлсе, ең жасы үлкен спортшы Шымкент­тен келген “Оңтүстiк филиалдың” өкiлi 65 жастағы Аширов Орақ болып табылды. “Жеңiс­ке деген ерiк-жiгер танытқан команда” жүлдесi бiр ауыздан “Ұлт­тық диспетчерлiк орталықтың командасына берiлдi.
Тағы бiр көңiл қуантарлық жайт, спорттық жарыстарға қа­тардағы жұмыскерлермен бiрге филиал басшылары да белсене араласатынын байқадық. Мысалы “Ең жақсы ойыншы директор” болып “Шығыс жүйеаралық электр тораптары филиалының директоры Уражанов Қайрат танылды. “Солтүстiк жүйеаралық электр тораптары филиалы директорының жалпы жұмыстар жөнiн­дегi орынбасары Рамазан Дө­дешевтiң алаңдағы қимылын көрiп, кәнiгi спортшыдан кем емес екенiн байқап қалдық.
Жарыс соңында тек спортшылар ғана марапатталып қоймай, оны ұйымдастырушылар да сый-сияпатқа ие болып жатты. “Солтүстiк” филиалдың ди­ректоры Т.Тұяқов осындай спорттық шаралардың негiзгi ұйымдастырушы “Энерготех­профсоюз” АА-ның басқарма төрағасы В.Стребковтың иы­ғына қазақы дәстүрмен оқалы шапан жапты.
Жарыс соңында салтанатты жабылуда сөз алған Т.Тұяқов пен басқа да филиал жетекшiлерi алдағы уақытта акционерлiк қоғамның шеңбе­рiнде спорттың басқа түрле­рiнiң де қолға алынып, дамытылатынын және осы секiлдi дүбiрлi додалардың жиi өтуi компания қызметкерлерiнiң денсаулығына ғана әсер етiп қоймай, өмiрге деген құлшынысын да арттыратынын баса айтты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар