1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15766) 13 желтоқсан, бейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 желтоқсан 2012
Былтыр әрiптес, биыл қарсылас

Сергей Корчинский баптайтын “Астана арландары” клубының боксшылары ертең Алматыда биылғы маусымдағы төртiншi кездесуiн өткiзедi. Қонақ­қа былтырғы маусымда чемпион атанған “Italia Thunder” клубы келедi.

Былтыр итальяндықтар финалда ресейлiк клубты ұтып чемпион атанды.
Жұмадағы жекпе-жекте жұдырықтасатын боксшылардың ныспысы белгiлi болды.
Жеңiл салмақта (54 келi) Бағдат Әлiмбеков биылғы маусымдағы екiншi кездесуiне шығады. Қарсыласы Даниеле Лимоне Бағдатқа қарағанда кәсiп­кой бокстың ұңғыл-шұңғылын тереңiрек бiледi. Се­бебi 11 рет жекпе-жек өт­кiзiп, 1 рет қана жеңiлсе, төрт қарсыласының миын аузына түсiре төпелеп, нокаутпен ұтыпты.   Ендеше, “арландардың” абыройын қорғайтын Бағдатқа артылар сенiм зiлмауыр.
61 келi салмақта “Астана арландарының” ирландиялық боксшысы Эрик Мартин Донован дүйiм елдiң алдында итальяндық клубтың сербиялық мүшесi Бранимир Станковичтi сынап көрмек. “Арландар” арасына биыл қосылған Донованнан гөрi Стан­ковичтiң тәжiрибесi салмақты. Биылғы маусымда да итальяндық клубтың намысын қорғауды құп көрген ол былтыр 4 рет жекпе-жек өткiзiп, 3 кездесуiнде жеңiске жеткен.
73 келi салмақта Сергей Деревянченко Мишель Тавареске қарсы шығады. Таварес былтырғы маусымда Сергейден оңбай соққы жеген. Деревянченко “Italia Thunder” клубының белдi боксшы болатын сол шақта. Таварес кеткен есесiн қайтара ал ма, жоқ әлде былтырғыдай сең соққандай күй кеше ме, ертең белгiлi болады.
85 келiдегi кездесу де қызық болатын түрi бар. Алжирлiк Абделхафид Беншабла былтыр “арлан” атын жамылып, намысымызды қорғады. Тәп-тәуiр жұдырықтсып, сенiмдi ақ­таған. Бiрақ биыл итальяндық клубқа ауысып кеттi. 85 келiде намысымызды қорғап жүрген өзбек Рамжон Ахмедов ертең досына қарсы шығады.   
91 келiден жоғары салмақта ұлты румын “арлан” қарсылас клубтың франциялық боксшысы Тони Йоканың қарымын шамалап көредi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар